Барыс пен Ақтөбенің жартылай финалға шығуына бір қадам қалды, екі серия да тең түсті

6 naýryz
927

Төрт қалада хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының ширекфиналдық сериялары жалғасуда.

«Барыс» «Алматымен» серияда өз үстемдігін нығайтты. Бүгін екінші кезең шешуші болып, елордалық ұжым қарсыласты төрт рет састырды. Кирилл Ляпунов хет-трик жасады, алаң иелерінің қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 15 соққыға тойтарыс берді. Сергей Старыгиннің ойыншыларына келесі айналымға шығу үшін бір рет жеңіске жету жеткілікті.

«Барыс» - «Алматы» 6:1 (0:1, 4:0, 2:0)

0:1 - 19:19 - Айткалиев (Кайрат, Зяблов) ГБ

1:1 - 25:07 - Ляпунов (Русланулы)

2:1 - 27:47 - Ляпунов (Симонов, Русланулы)

3:1 - 30:27 - Ляпунов (Жусупбеков, Симонов) ГБ

4:1 - 37:25 - Канкин

5:1 - 50:55 - Кошевник (Диде, Амырканов)

6:1 - 56:03 - Ситников (Русланулы)

Қақпашылар: Истомин - Байдек (Рудковский, 37:25-60:00)

«Барыс» - «Алматы» сериясындағы есеп: 2-0 (7:1, 6:1)

«Құлагер» мен «Торпедоға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Бүгін бірінші овертаймда жеңісті петропавлдықтар жұлып әкетті, шешуші соққының авторы – Данила Пиниди. Алаң иелерінің қақпашысы Александр Коваль өз есебіне 23 сейв жазды. Серия Өскеменге 1-1 тең есеппен ойысады.

«Құлагер» - «Торпедо» 3:2 ОТ1 (2:0, 0:2, 0:0, 1:0)

1:0 - 06:39 - Варламов (Селезнев)

2:0 - 14:39 - Кабатаев (Бейсембиев)

2:1 - 24:39 - Тютюньков Д. (Стальмаков)

2:2 - 30:32 - Хан (Рысбеков, Якубджанов) ГБ

3:2 - 66:45 - Пиниди (Бейсембиев, Селезнев)

Қақпашылар: Коваль - Осокин

«Құлагер» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 1-1 (2:3 ОТ1, 3:2 ОТ1)

Батыстық ширекфиналда да есеп тең болды. Бүгін атыраулық хоккейшілер дәлірек көздеді. Кездесудің соңында оралдықтар ойын көрігін қыздырды, алайда қарсыластың екі нәтижелі шабуылын өткізіп алды. «Жас Батырдың» жаңа ойыншысы Артём Буб дубль жасады. Алаң иелерінен артық құраммен Эмиль Киселев көзге түсті.

«Ястребы» - «Жас Батыр» 2:5 (0:1, 1:1, 1:3)

0:1 - 13:37 - Буб (Пархоменко, Хальзев)

1:1 - 27:09 - Киселев (Свинтальский) ГБ

1:2 - 28:07 - Сапарбек (Пархоменко)

1:3 - 42:40 - Буб (Хальзев)

2:3 - 45:59 - Киселев (Свинтальский, Алламов) ГБ

2:4 - 58:51 - Хальзев

2:5 - 59:37 - Харченко (Баранов)

Қақпашылар: Шестаков - Фанайлов

«Ястребы» - «Жас Батыр» сериясындағы есеп: 1-1 (6:1, 2:5)

«Астана» «Ақтөбемен» текетіресте тағы да өзіне қажетті нәтижені ұстап тұра алмады. Алаң иелері бір күн бұрынғыдай үшінші кезеңнің соңғы минуттарында жеңілістен құтылды, ал овертаймда Михаил Калиниченко шеберлігін көрсетіп, командаға сериядағы екінші жеңісті әкелді. Командалар елордаға «Ақтөбенің» жайлы есебімен ойысады.

«Ақтөбе» - «Астана» 4:3 ОТ1 (0:2, 2:0, 1:1, 1:0)

0:1 - 03:26 - Бейсембаев (Папшев)

0:2 - 12:40 - Аманжолов (Бондарев, Кисель)

1:2 - 32:06 - Пономарёв (Утебаев) ГБ

2:2 - 33:09 - Тусупбеков (Зизевских, Шпак)

2:3 - 45:43 - Кисель (Бейсембаев, Оразов) ГБ

3:3 - 57:01 - Цихоцкий (Мозжерин, Пономарёв)

4:3 - 71:13 - Калиниченко

Қақпашылар: Костюков - Кудимов

«Ақтөбе» - «Астана» сериясындағы есеп: 2-0 (4:3 ОТ1, 4:3 ОТ1)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.