Петропавлда «Құлагер» мен «Торпедо» арасындағы ширекфиналдық серияның шешуші бесінші жекпе-жегі өтті.
Кездесудің жеңімпазы 22-ші минутта анықталды. Алаң иелері қақпаға дәлірек көздеп, өз сәттерін ұтымды пайдаланды. Данила Пиниди мен Павел Анисимов бір-бірден артық құрам ұйымдастырып, «торпедолықтарды» тағы бір рет Никита Селезнёв састырды. Екінші кезеңнің ортасына қарай Данила Омельковец өскемендіктерді ойынға оралтты, алайда қонақтар ойын барысын бұра алмады. Петропавлдықтардың қақпашысы Никита Осипов өз есебіне 23 сейв жазды.
Осылайша жартылай финалдық раундтың төртінші қатысушысы «Құлагер» атанды. Ильгиз Нуриевтің командасының қарсыласы «Ақтөбе» болмақ. Финалға екінші жолдама үшін «Барыс» пен «Ястребы» тартысады.
«Құлагер» - «Торпедо» 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)
1:0 - 07:30 - Пиниди (Харисов) ГБ
2:0 - 17:10 - Анисимов (Ербатыров, Харисов) ГБ
3:0 - 21:07 - Селезнев (Варламов)
3:1 - 29:02 - Омельковец (Беляков)
Қақпашылар: Осипов - Осокин
«Құлагер» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 3-2 (2:3 ОТ1, 3:2 ОТ1, 3:4, 4:3 ОТ1, 3:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.