Торпедо алға кетті, Арлан қарымта қайтарды. 17 желтоқсандағы матчтарға шолу (жаңаруда)

17 jeltoqsan
1259

«Торпедо» маусымдағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді және турнир кестесінің көшін бастап тұр. «Горняк» «Қыраннан» басым түсті. «Арлан» Петропавлда ерік-жігер танытты. «Ястребы» «Астананы» жеңу үшін біршама тек төкті.

«Торпедо» мен «Мұнайшы» арасындағы екінші матчта қос команда барлығы 13 шайба салды. Бұл жекпе-жекте өскемендік хоккейшілер дөп түсіп, кезекті жеңіске жетіп, лиганың көшбасшысы ретіндегі деңгейін нығайтты. Алаң иелері құрамынан Диас Тютюньков тағы да хет-трик жасады.

"Торпедо" - "Мұнайшы" 8:5 (2:2, 5:2, 1:1)

0:1 – 02:30 – Обухов (Терещенко)

1:1 – 04:50 – Панченко (Храмов, Алдабергенов)

1:2 – 05:33 – Обухов (Шлычков, Билимбаев)

2:2 – 18:12 – Якубджанов (Каранов)

3:2 – 20:18 – Тютюньков Д. (Омельковец)

4:2 – 25:04 – Омельковец (Тютюньков Д.) ГБ

5:2 – 28:00 – Хан (Омельковец) ГБ

5:3 – 31:38 – Обухов (Васильев, Билимбаев)

5:4 – 35:03 – Шлычков (Обухов, Билимбаев) ГБ

6:4 – 35:19 – Тютюньков Д. (Гавриленко, Хан)

7:4 – 39:20 – Тютюньков Д.

7:5 – 50:55 – Шлычков (Терещенко)

8:5 – 52:39 – Астраханцев (Комиссаров, Якубджанов)

Қақпашылар: Осокин (Ваганян, 44:23–60:00) – Костюков (Недодаев, 40:00–60:00)

"Горняк" өз алаңындағы матчта «Қыранның» арынын басты. Бұл кездесуде үшінші кезең шешуші болды. Кездесудің басты кейіпкері – 49 соққыға тойтарыс берген рудныйлықтардың қақпашысы Артём Скрынников болды.

"Горняк" – "Қыран" 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)

0:1 – 07:25 – Белоус (Жабунин, Аблатипов)

1:1 – 15:19 – Козорез (Жабаровский, Волобуев)

2:1 – 46:14 – Рожков

3:1 – 53:38 – Утебаев (Рожков)

Қақпашылар: Скрынников – Коваль Альб.

"Арлан" Денис Гафаров жасаған дубльдің арқасында «Құлагерден» қарымта қайтарды. Көкшетаулықтар қарсыластың қақпасына 50-ден астам соққы жасады. Қонақтардың қақпашысы Данил Чепец өз есебіне 33 сэйвті жазды.

"Құлагер" – "Арлан" 1:2 (0:2, 1:0, 0:0)

0:1 – 07:33 – Гафаров (Ибраев)

0:2 – 19:55 – Гафаров (Дурницын, Ибраев) ГБ

1:2 – 25:05 – Шайкенов (Миллер)

Қақпашылар: Остовский – Чепец

Ойын күнінің соңғы кездесуінде «Ястребы» «Астананы» әрең жеңді. Елордалық ұжым чемпионат көшбасшыларының біріне соққыны боратты, алайда шешуші сәттерде оралдық хоккейшілер дөп түсті.

"Ястребы" – "Астана" 3:2 (0:1, 1:0, 2:1)

0:1 – 19:01 – Дунаев (Худайбергенов, Ракишев)

1:1 – 24:29 – Абил (Сафаргалиев, Залевский)

2:1 – 43:48 – Ницевич (Абил, Залевский) ГБ

3:1 – 44:41 – Адеев (Капица)

3:2 – 48:18 – Айдуков (Кисель)

Қақпашылар: Емельянов – Риттингер