Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ндағы чемпиондық үшін тартысты жалғастыратын жартылай финалдық жұптар мен командаларды талдауды бастаймыз.
«Ақтөбе» (2) – «Құлагер» (3)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жек кездесулер: 3:1, 7:5, 2:6, 4:0.
Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Николай Коев (7 балл, 3+4) – Даниил Махамадеев (5 балл, 2+3).
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 18/9 – 15/13.
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Владислав Плотников, Руслан Утебаев (екеуі де 6 балдан, 3+3) – Данила Пиниди (6 балл, 4+2).
«Ақтөбеге» ½ финалға шығу үшін «Астанамен» үш матч ойнау қажет болды, бұл ретте екі матч қосымша уақытта аяқталды. «Құлагерге» «Торпедомен» текетіресте бес матч ойнауға тура келді, олардың үшеуі 60 минут аясынан шығып кетті.
«Барыспен» қатар «Ақтөбе» биылғы плей-оффтағы ең көп шайба салатын ұжым атанып отыр.
«Ақтөбе» мен «Құлагердің» биылғы маусымдағы үш кездесуі батысқазақстандық ұжымның пайдасына шешілді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.