Құлагер Ақтөбені жеңіп, Қазақстан жастар чемпионатының финалына шықты

25 naýryz
1512

Ақтөбеде «Ақтөбе» мен «Құлагер» арасындағы жартылай финалдық серияның шешуші бесінші матчы өтті.

Бастапқы кезеңде қарсыластар бір-бірін бағып, өз қақпаларына қарайлап ойнады. Ал матчтың екінші бөлігінде командалар нағыз шабуылдаушы хоккейдің үлгісін көрсетті. Командалар бірігіп, бес нәтижелі шабуыл жасады. Бұл тартыста петропавлдықтар дәлірек көздеді.

Кейін белгілі болғандай, дәл осы кезең матчтың тағдырын шешті. Алаң иелері қанша тырысқанымен, матчты құтқара алмады. Ильгиз Нуриевтің командасы үшін Павел Анисимов салған соққы жеңіс әкелді.

Осылайша, Қазақстан жастар чемпионатының алтыны үшін елордалық «Барыс» пен биылғы маусымның нағыз жаңалығына айналған петропавлдық «Құлагер» тартысады.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:3 (0:0, 2:3, 0:0)

0:1 - 20:11 - Пиниди (Харисов, Сторчай)

1:1 - 25:33 - Плотников (Пономарёв, Цихоцкий)

1:2 - 31:14 - Селезнев (Харисов, Пиниди) ГБ

2:2 - 32:46 - Калиниченко (Пономарёв, Эрфурт)

2:3 - 39:29 - Анисимов (Кабатаев, Бейсембиев)

Қақпашылар: Костюков - Осипов

«Ақтөбе» - «Құлагер» сериясындағы есеп: 2-3 (2:1, 1:4, 5:3, 1:2, 2:3)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.