Барыс – Құлагер сериясы алдында

28 naýryz
1460

Күні ертең Астанада Parimatch-Jastar Hokei Ligasy финалдық сериясының алғашқы жекпе-жегі өтеді.

Еске сала кетейік, төрт жеңіске дейін созылатын алтын медаль үшін серияда елордалық «Барыс» пен петропавлдық «Құлагер» ойнайды.

«Барыс» (1) – «Құлагер» (3)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 5:4 Б, 0:1 ОТ, 6:2, 2:1.

Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Константин Морожников (3+0) – Даниил Варламов (2+1).

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 35/7 – 28/24

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Даниил Цыбин (11 балл, 7+4) – Даниил Махамадеев (10 балл, 5+5).

«Барыс» биылғы плей-оффта бір де бір матчта жеңілмеді. Елордалық ұжым сериядағы аз ғана матч ішінде «Алматы» мен «Ястребы» командаларын жорықтан шығарды. «Құлагер» керісінше финалға апарар жолда максималды матч санын ойнады. Петропавлдықтар «Торпедо» мен «Ақтөбеден» басым түсті.

Тұрақты чемпионаттағы «Барыс» пен «Құлагердің» жекпе-жегінде командалар тең түсті. Екі матч негізгі уақыттан тыс шықты.

Финалдық серияда кубоктік кезеңнің екі үздік бомбардирі жолығады. Даниил Махамадеев әр ойында «1 балдан» жинап келеді. Оның аттасы Цыбинге 11 ұпай жинау үшін екі есе аз кездесу керек болды.

«Құлагердің» плей-оффтағы он матчының жетеуі бір шайба айырмашылығымен аяқталды.

«Барыс» плей-оффта нәтижелілік бойынша көш бастады. Сергей Старыгиннің ойыншылары әр ойында орта есеппен 7 гол салады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.