Антон Васин: «Маусымға терістен гөрі, көбірек оң деген баға беремін»

12 sáýir
1134

«Астананың» бас бапкері Антон Васин клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен маусымды қорытындылады.

- Маусым қызықты өтті. 2006 жылы туылған жас жігіттер көптеп тартылды, оларды жасы үлкендеу жігіттер ойнайтын ұжымға бейімдеу қажет болды. Маусымды жақсы бастадық, одан кейін көптеген ойыншылардың ауыруымен байланысты аздаған құлдырау болды. Бұл команда үшін қиын кезең болды, салдарынан бірнеше ойында жеңіліп, турнир кестесінде 12-орынға түсіп қалдық. Қарашаның ортасында күнтізбеде аздаған үзіліс болды, бұл күндері өз қателерімізді талдап, қалыпқа келдік, тиісті талдау жасадық. Маусымға терістен гөрі, көбірек оң деген баға беремін. Тұрақты чемпионатта жетінші орын алдық, бұл өткен маусымдағыдан бір қатарға жоғары. Тұрақты чемпионатта бәрінен көп шайба салдық. Біздің қорғаушымыз Бейбарыс Оразов Лигада гол+пас жүйесі бойынша үздік атанды, қос шабуылшы – Әділ Бейсембаев пен Әділ Аманжолов үздік бомбардирлердің үштігіне енді. Өкінішке орай, бірінші айналым плей-оффқа өтпеді. «Ақтөбені» басып озу әбден мүмкін еді, себебі алғашқы екі кездесуде қарсыласты жеңіп келе жаттық. Есеп, соққылар мен қауіпті сәттер бойынша алда келе жаттық, алайда шайбаларды 100 пайыз дарыта алмадық. Өкініштісі осы.

- Тұрақты чемпионаттың ең есте қалған матчы?

- Ондай матчтар аз болған жоқ. Өз алаңымызда Ястребы командасын 9:1 есебімен жеңдік. «Торпедомен» де солай, 4-ке 3, кейін овертаймда қақпашыны аластатып, гол салдық.

- Биылғы маусымда қандай қиындықтарға тап болдыңыздар және оларды қаншалықты шеше алдыңыздар?

- Қиындықтар болды. Маусым бойы оң болды дей алмаймын. Бұл тақырыпқа терең бармай-ақ қояйын.

- Команданың маусымаралыққа жоспары қандай?

- Алдағы жоспары – 2007 жылы туылған жастарды жаттығу процесіне жұмылдыру, сондай-ақ мұздағы жұмысты жақсарту, техникалық элементтерді жетілдіру, ойын алаңындағы пайыммен жұмыс жасау. Физикалық дайындықты үдету.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.