Торпедоның маусымалды дайындық жоспары

20 shilde
609

«Торпедоның» баспасөз қызметі жастар командасының Jastar Hokei Ligasy-ндағы жаңа маусымына дайындық жоспарын ұсынды.

Команда терең медициналық тексерістен өтті және 20 шілдеде Сібеде оқу-жаттығу жиыны басталады. Жастар командасымен бірге 2007 жылы туылған ойыншылар тобы аттанады. Жақын күндері жаңа бапкер таныстырылады.

Өскеменге оралғаннан кейін Борис Александров атындағы Спорт сарайының мұзайдынында жаттығу циклі басталады. Тамыз айына бақылау матчтары жоспарланған (қарсыластар мен өтетін күндері кейінірек жарияланады).

2 қыркүйекте Петропавлда Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі басталады. Еске сала кетейік, «Торпедо» – турнирдің қазіргі чемпионы.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.