«Құлагердің» баспасөз қызметі жастар командасының бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы хабарлады.
Петропавлдықтардың сапынан отбасылық себептермен кеткен Алексей Петушковтың орнына «Құлагер» жастар командасының бас бапкері болып Максим Первухин тағайындады. Ол жанкүйерлерге солтүстік-қазақстандық ұжым құрамындағы ойынымен жақсы танысты. Первухинге Сергей Севостьянов ассистенттік етеді. Қақпашылар бапкері ретінде Ян Синькевич, дене дайындығы бойынша бапкер ретінде Виталий Диденко жұмысын жалғастырады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.