Қыран атауын Теміртау деп ауыстырды

28 shilde
788

«Сарыарқаның» баспасөз қызметі жастар командасындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Жаңа маусымда жастар командасының атауын өзгерту, сондай-ақ логотипті ауыстыру туралы шешім қабылданды. «Қыран» «Теміртау» деп ауысып, өз матчтарын аттас қалада өткізетін болады.

- Қала басшылығымен бірлесіп, теміртаулық көрерменді хоккейсіз қалдырмаймыз деген шешімге келдік, - дейді «Сарыарқаның» спорт директоры Никита Кудашкин. – Біз жастар командасының атауын «Теміртау» деп өзгерттік. Басты серіктеспен мәселелерді шешіп, тауар белгісін бекіттік, Матчтарды кешкі уақытта өткізу үшін Федерациямен жұмыс жүргізілуде.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.