Ястребы алтыншы рет қатарынан жеңіске жетті. 22 желтоқсандағы матчтарға шолу

22 jeltoqsan
1391

«Астана» тағы да «Горняктан» басым түсті. Әбілдің хет-тригі «Ястребы» командасына «Қыранға» қарсы матчта жеңіс сыйлады. «Барыс» «Мұнайшыны» тізе бүктірді.

«Астана» Горнякқа қарсы ойында мінез көрсетті. Рудныйлықтар үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады, алайда кубоктық сегіздіктегі орнын сақтап қала алды.

"Горняк" – "Астана" 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)

1:0 – 07:00 – Назаров (Бауэр)

1:1 – 24:20 – Аманжолов (Кисель)

1:2 – 30:41 – Шаяхметов (Аманжолов, Кисель) ГБ

1:3 – 46:19 – Карпасов (Ракишев, Андрусенко)

Қақпашылар: Скрынников – Риттингер

«Ястребы» және «Қыранға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Овертаймда оралдықтарға Шыңғысхан Әбілдің дөп салған соққысы жеңіс әкелді. Әбіл хет-трик жасап, кездесудің бсты кейіпкері атанды.

"Ястребы" – "Қыран" 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)

0:1 – 28:35 – Степанов (Ущев)

1:1 – 34:31 – Әбіл (Ницевич, Васин)

2:1 – 40:09 – Абил (Ницевич)

2:2 – 43:33 – Свинтальский (Денисов)

3:2 – 63:16 – Абил (Ницевич, Алякин)

Қақпашылар: Емельянов – Коваль Аль.

«Барыс» «Мұнайшының» арынын басты. Бұл жолы павлодарлықтар кездесудің фаворитіне соққылар жасай білді, алайда бұл Юрий Бородулиннің командасына ұпай әкелмеді.

"Мұнайшы" – "Барыс" 2:4 (0:0, 1:2, 1:2)

0:1 – 27:56 – Сапарбек Д. (Жилин, Кабатаев)

0:2 – 32:03 – Нурлан (Логвин, Оспанов)

1:2 – 32:31 – Маткабыл (Своеволин, Карпов)

1:3 – 47:45 – Логвин (Никитин, Оспанов)

2:3 – 49:32 – Демирделен (Терещенко, Обухов)

2:4 – 54:39 – Нурлан (Оспанов)

Қақпашылар: Костюков – Колесников