Торпедо Ястребы командасымен ойнайды, Жас Батыр финал үшін Астанамен тартысады

5 qyrkúıek
874

Хоккейден Қазақстан жастар кубогінің жартылай финалдық жұптары анықталды.

«Торпедо» мен «Жас Батыр» топтық кезеңнің қорытындысы бойынша алты ұпайдан жинады. Салынған және өткізілген шайбалардың үздік айырмасының арқасында бірінші орынды өскемендік команда иеленді. Үшінші орын өз тобында жеңімпаз атанып, бес балл жинаған «Астанаға» бұйырды. «Ястребы» шайбалардың үздік айырмасының арқасында өз топтарында екінші орын алған ұжымдар арасынан үздік атанды.

Осылайша, 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi финалы үшін «Торпедо» - «Ястребы» және «Жас-Батыр» - «Астана» жұптары тартысады. Еске сала кетейік, турнирдің шешуші раундының кездесулері Ақтөбеде 8 және 9 қыркүйекте өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.