Қазақстан жастар кубогінің жартылай финалының аңдатпасы

7 qyrkúıek
825

«Ястребы» «Торпедоның» шабуылына төтеп бере ала ма? 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi финалында батыстық тартыс бола ма? Строчкиннің, Глухих пен Рысбековтің мергендік шеруі үзіле ме? Бұл сұрақтарға жауапты ертең аламыз.

Ал әзірге назарларыңызға Қазақстан жастар кубогінің бірінші раундының алдындағы қызықты деректерді ұсынамыз.

«Торпедо» топтық кезеңді мықтылап өткізіп, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетті. Бұл ретте өскемендіктер қазіргі таңда турнирдің ең нәтижелі ұжымы болып табылады (есебінде 22 гол) және бұл ретте өз қақпаларына небәрі 3 шайба өткізді (барлық қатысушылар арасындағы үздік нәтиже).

Кубоктің үздік бомбардирлерінің топ-4-тігіне кіретін «Торпедо» өкілдері Артур Глухих пен Диас Рысбеков топтық кезеңнің барлық ойындарында көзге түсті. Артур қарсыласқа 6 рет, Диас 5 шайба дарытты.

«Торпедолықтарға» қарсы төртінші орын алып, қазіргі ел чемпионы «Барысты» финалға өткізбеген «Ястребы» ойнайды. Оралдықтар топта екі рет жеңіске жетті, салынған және өткізілген шайбалар айырмасы командаға беделді кубок үшін жорықты жалғастыруға мүмкіндік берді.

«Ястребы» командасының үздік бомбардирі бүгінгі таңда 2 гол салып, 2 нәтижелі пас берген ұжымның жаңа ойыншысы Тимофей Севастьянов.

«Жас Батыр» «Торпедо» сияқты топтық кезеңді ұпай жоғалтпастан өткізді. Бұл ретте алдын ала раундта атыраулықтар нәтижелілік бойынша екінші орында тұрды – 18 шайба салды.

«Жас Батырдың» форварды Роман Строчкин (6+3) турнирдің үздік бомбардирлерінің көшін бастайды. Ол Кубоктің үш кездесуінде де көзге түсті, әрі қарай өз көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылады.

«Астана» топтық кезеңде бір рет қана негізгі уақытта жеңіске жетті, алайда бұл елордалық төрттіктің көшін бастауға кедергі келтірмеді. Бір қызығы, жартылай финалдық раунд қатысушылары арасында турнирде әзірге 10 шайба салмаған тек «елордалықтар» ғана (9 гол салды).

Егор Гатаулин мен Жанболат Бекеев (екеуі де 2+2) – өз командасының ең нәтижелі ойыншылары. «Астана» қақпашысы Дармен Габдуллин өз командасының барлық матчтарына қатысты, ол сенімділік коэффициенті мен тойтарылған соққылар пайызы бойынша топтық кезең қақпашыларының топ-5-тігін тұйықтайды. Дарменнің қарсыластарының көбі әлдеқайда азырақ уақыт ойнағанын айтып өткен жөн.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.