Торпедо екінші жыл қатарынан Қазақстан жастар кубогінің финалында ойнайды

8 qyrkúıek
704

Қазақстан жастар кубогінің бірінші жартылай финалында өскемендік ұжым жеңіске жетті.

Бастапқы кезең қарсыласты екі рет аластатылуға мәжбүр еткен «Ястребы» командасының үстемдігімен өтті. Алайда оралдықтар бұл жағдайды пайдалана алмады. Керісінше, ұтымды сәттердің бірінде Артур Глухих кем құраммен алға озып шығып, есеп ашты, осылайша өзінің сұрмергендер сериясын төрт матчқа дейін ұзартты.

Екінші кезеңде өскемендіктер белсене түсті, алайда үзіліске дейін таблодағы есеп өзгермеді. Соңғы кезеңнің ортасына қарай ойынның шартты иелері тағы да сүрініп, «Торпедоның» «4-ке 5» форматындағы тағы бір қарсы шабуылын өткізіп алды. Дәл сол Глухих пас беріп, Никита Мерзликин шайба салды.

Бұл жайт Сергей Егоровтың командасының сағын сындырды. Сәлден соң Кубоктің қазіргі жеңімпазы Александр Фокиннің күшімен артық құрам ұйымдастырды. Ал бір жарым минуттан соң Артур Глухих тағы да шеберлігімен көзге түсіп, осы жартылай финалдың жеңімпазы кім болатынын анық байқатты. Есеп алшақтығын ірі есепке Ян Тютюньков жеткізді. «Торпедо» сенімді түрде жеңіске жетіп, титул үшін жорықтағы басты фавориттігін растады.

«Торпедо» - «Ястребы» 5:0 (1:0, 0:0, 4:0)

1:0 - 01:15 - Глухих ГМ

2:0 - 49:06 - Мерзликин (Глухих) ГМ

3:0 - 52:39 - Фокин (Астраханцев, Тютюньков) ГБ

4:0 - 54:11 - Глухих (Хан)

5:0 - 54:47 - Тютюньков (Астраханцев)

Қақпашылар: Эрштейн - Какенов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.