Жас Батыр 1xBet Qazaqstan Jastar Kubogi финалында ойнайды

8 qyrkúıek
657

Қазақстан жастар кубогінің екінші жартылай финалында атыраулық хоккейшілер басым түсті.

Атыраулықтар бірінші кезеңді сәтті бастап, үзіліске дейін жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Есепті Тихон Ерасов ашты, ал кейінірек Роман Строчкин көзге түсті. Айтқандай, хоккейші қатарынан төрт матч гол салып келеді. Әрі қарай «Астана» серпіліс жасап, қатарынан үш нәтижелі шабуыл жасады.

Әйтсе де, бұл матчта жеңіс «Жас Батырға» бұйырды. Строчкин алдымен есеп теңестірді, ал үшінші кезеңнің аяқталуына бір жарым минут қалғанда атыраулық команданы елдегі жастар чемпионатының финалына шығарды.

«Жас Батыр» - «Астана» 4:3 (2:0, 0:2, 2:1)

1:0 - 05:16 - Ерасов (Баймырзаев)

2:0 - 15:05 - Строчкин (Бойцов)

2:1 - 35:38 - Шукелов (Кожемяко)

2:2 - 38:08 - Мухаметжанов (Амангалиев, Куценко)

2:3 - 52:53 - Бекеев (Бондарев, Еркинов)

3:3 - 57:05 - Строчкин

4:3 - 58:26 - Строчкин (Хальзев, Пиниди)

Қақпашылар: Фанайлов - Габдуллин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.