Потаповтың покері Барысқа Құлагерді ойсырата жеңуге көмектесті, Жас Батыр Торпедодан басым түсті

16 qyrkúıek
1285

Қазақстанның алты қаласында Қазақстан жастар чемпионатының бастапқы матчтары өтіп жатыр.

Бүгін Петропавлда жаңа чемпионатты ашқан өткен маусым финалистерінің текетіресі жергілікті жанкүйердің көңіліне қаяу түсірді. «Құлагер» кездесуде омақаса құлады, тіпті жеңімпаздың кім болатыны бірінші кезеңнің соңында белгілі болды. Бірінші үзіліске командалар «Барыстың» пайдасына 5:0 есебімен кетті. Әрі қарай есеп айырмашылығы арта берді. Жеңімпаздар құрамынан Савелий Потапов покер жасады, нәтижелілік үшін Егор Левковец 5 (1+4) балл иемденді.

«Құлагер» - «Барыс» 1:12 (0:5, 0:3, 1:4)

0:1 - 02:22 - Гросс (Китаров, Левковец)

0:2 - 07:10 - Мейрман (Оразбаев, Шарапов)

0:3 - 08:57 - Потапов (Оразбаев)

0:4 - 09:37 - Трегубов

0:5 - 16:50 - Потапов (Левковец) ГБ

0:6 - 25:58 - Левковец

0:7 - 27:06 - Китаров (Левковец, Гросс)

0:8 - 35:36 - Потапов (Левковец, Макаров) ГБ

0:9 - 40:33 - Перкин (Кайбелев, Дурглишвили)

0:10 - 41:49 - Оразбаев

1:10 - 45:45 - Фрукалов (Серикбулатов, Абрамов) ГБ

1:11 - 52:29 - Потапов (Трегубов)

1:12 - 59:01 - Зияш (Болгов, Трифонов)

Қақпашылар: Байдек (Елхимов, 09:37-60:00) - Толеубай

Өскеменде жақында өткен жастар кубогінің финалистері кездесті. Тағы да жеңіс матчтың соңына дейін күш-жігерін сақтаған «Жас-Батырға» бұйырды. Роман Строчкин дубль жасады, «Торпедо» құрамынан екі дөп соққы Артур Глухихтің есебінде.

«Торпедо» - «Жас Батыр» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)

0:1 - 10:44 - Контуганов (Щепеицких)

0:2 - 39:03 - Строчкин (Трибунский)

1:2 - 41:41 - Глухих (Рысбеков, Базанов) ГБ

2:2 - 46:33 - Глухих (Мерзликин)

2:3 - 48:11 - Строчкин (Телгожаев, Пиниди)

2:4 - 59:35 - Пиниди (Хальзев, Телгожаев) ПВ

Қақпашылар: Осокин - Фанайлов

«Арлан» мен «Астана» чемпионат басында нәтижелі шабуылдар мен қызықты сәттерге толы матч ұсынды. Бүгін қонақтар дәлірек көздеп, бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, финалдық ысқырыққа дейін қажетті есеп үстемдігін сақтай білді. «Елордалықтар» құрамынан капитан Никита Бондарев төрт (2+2) балмен көзге түсті. Көкшетаулықтардың үш голына Никита Селезнёв (1+2) қатысты.

«Арлан» - «Астана» 3:7 (1:4, 1:2, 1:1)

0:1 - 04:29 - Кисель (Бекеев, Бондарев)

1:1 - 06:51 - Ждановский (Селезнев, Монахов)

1:2 - 08:09 - Захаров (Еркинов, Черкасов) ГБ

1:3 - 08:52 - Бондарев (Кисель)

1:4 - 09:32 - Пашковский (Амангалиев)

1:5 - 23:57 - Черкасов (Еркинов)

2:5 - 31:21 - Монахов (Селезнев)

2:6 - 37:47 - Бондарев (Еркинов) ГБ

2:7 - 49:52 - Бекеев (Бондарев, Кисель)

3:7 - 57:43 - Селезнев (Кентаев, Ждановский) ГБ

Қақпашылар: Шефер - Габдуллин

«Алматы» «Горнякты» тырп еткізбеді. Рудныйлықтардың қақпасына тоғыз шайба аттанды. Қонақтар бұған екі дөп соққымен жауап бергенімен, жеңілістің дәмін татты. Оңтүстікастаналық команда құрамынан Арсений Филоненко дубль жасады.

«Алматы» - «Горняк» 9:2 (3:0, 4:1, 2:1)

1:0 - 04:58 - Мажикенов (Черныш, Фетисов)

2:0 - 14:36 - Филоненко (Шипулин)

3:0 - 16:11 - Филимонов (Филоненко)

4:0 - 20:31 - Андрусенко (Выговский)

5:0 - 22:26 - Цинаев

5:1 - 23:59 - Крицин (Малхасян) ГБ

6:1 - 28:52 - Филоненко (Суровцев, Филимонов)

7:1 - 31:01 - Фатыхов

8:1 - 43:04 - Черныш (Выговский, Мажикенов)

8:2 - 53:47 - Малхасян (Семенов)

9:2 - 56:39 - Фетисов ГБ

Қақпашылар: Рудковский (Яковенко, 40:00-60:00) - Шапошник (Кушкенов, 31:01-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.