Пинидидің хет-тригі Жас Батырға жеңістер сериясын ұзартуға көмектесті, Горняк соңғы орында

20 qyrkúıek
1219

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясы екі жекпе-жекті қамтиды.

Қазақстан Кубогінің қазіргі иегері «Жас Батыр» елдің шығысына сәтті сапарын жалғастыруда. Бүгін атыраулықтар «Мұнайшыдан» басым түсіп, қатарынан үшінші жеңіске жетті. Ойында үшінші кезең шешуші болып, қонақтар қарсыласты төрт рет састырды. Данила Пиниди хет-трик жасады.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 2:6 (0:0, 1:2, 1:4)

0:1 - 27:32 - Бойцов (Пиниди) ГБ

1:1 - 29:02 - Ефимов (Ломакин, Гусейнов)

1:2 - 29:32 - Пиниди (Хальзев, Строчкин)

1:3 - 42:40 - Пиниди (Телгожаев) ГБ

2:3 - 51:27 - Тагамбаев

2:4 - 51:56 - Максимов (Багитжанов, Первутинский)

2:5 - 53:27 - Хальзев (Телгожаев, Строчкин)

2:6 - 53:35 - Пиниди (Строчкин)

Қақпашылар: Гиганов (Плотников, 53:47-60:00) - Дударкиев

«Теміртау» «Горнякты» ойсырата жеңіп, қосымша көрсеткіштер бойынша төртінші орынға шықты. Рудныйлықтар әзірге лиганың ең көп өткізетін ұжымы болып, чемпионаттың турнир кестесін тұйықтап отыр. Алаң иелерінің форварды Илья Гареев (1+2) қос команда құрамынан кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды.

«Теміртау» - «Горняк» 8:2 (2:0, 3:1, 3:1)

1:0 - 00:23 - Соколов (Забурдяев, Гареев)

2:0 - 02:33 - Божко (Мирошниченко, Совет)

3:0 - 27:10 - Деликов (Рублёв)

4:0 - 28:10 - Хусаинов

5:0 - 29:08 - Забурдяев (Соколов, Гареев)

5:1 - 37:16 - Крицин (Семенов, Малхасян)

6:1 - 47:04 - Гареев (Божко)

6:2 - 52:32 - Стенников (Абдуллаев)

7:2 - 54:36 - Рублёв (Деликов, Телегин)

8:2 - 57:20 - Степанов (Хусаинов, Мирошниченко)

Қақпашылар: Зюзин - Шапошник (Шинковский, 52:32-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.