Торпедо мен Барыс-Жас қарымта қайтарды. 26 желтоқсандағы матчтарға шолу

26 jeltoqsan
1124

«Торпедо» есеп 0:2 болып тұрған жерінен жағдайды түзеп, «Барыстан» қарымта қайтарды. «Барыс-Жас» «Құлагермен» матчтың соңында есепті өз пайдасына ойыстырды.

Өскемендік ұжым «Барыспен» екінші ойында кішкентай ерлік жасады. «Торпедо» матч бойы екі шайба артта келе жатқан, алайда алаң иелері ойынды овертаймға ауыстырып қана қоймай, аса маңызды жеңісті жұлып әкетті. Осы кездесудің қорытындысы бойынша «торпедолықтар» турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. 4 балл артта келе жатқан «Барыс» екінші орында.

"Торпедо" – "Барыс" 3:2 ОТ (0:1, 0:1, 2:0, 1:0)

0:1 – 16:42 – Морожников (Цыбин, Сапарбек М.) ГБ

0:2 – 38:12 – Морожников (Муканов, Цыбин) ГБ

1:2 – 46:22 – Тютюньков Д. (Астраханцев, Маслеников) ГБ

2:2 – 49:45 – Гавриленко (Панченко, Тютюньков Д.)

3:2 – 62:28 – Омельковец (Попов, Пивень)

Қақпашылар: Осокин – Дубинскас

"Барыс-Жас" үшінші кезеңнің соңындағы ұтымды сәттердің арқасында жеңісті «Құлагерден» жұлып әкетті. Александр Березенскийдің командасы Петропавлдан алты ұпаймен қайтып, лиганың турнир кестесінде алтыншы орынды иеленді.

"Құлагер" – "Барыс-Жас" 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)

0:1 – 05:55 – Бейсембиев

1:1 – 17:59 – Миллер (Койпиш) ГБ

1:2 – 36:12 – Фокин (Тюлюнов, Бейсембиев)

2:2 – 45:51 – Белов (Коровин, Шляйгер)

2:3 – 57:46 – Бекеев Ж. (Фокин, Тюлюнов)

2:4 – 59:59 – Бекеев А. (Фокин, Бекеев Ж.)

Қақпашылар: Токпан – Габдуллин