Жас Батыр жеңіліссіз келе жатыр, Папшев покердің авторы атанды, Арланда бұрынғыша нөл

26 qyrkúıek
678

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясында үш матч өтті.

«Ястребы» «Арланды» қиналмастан жеңді. Көкшетаулықтар жаңа чемпионатта әзірге бір де бір матчта жеңбеді. Оралдықтар тур өткен сайын өз ойын өрнегін тауып, турнир кестесімен жоғары өрлеп келе жатыр. Жеңімпаздар құрамынан Владислав Иконников хет-трик жасады, қонақтардан екі дөп соққыны өз есебіне Леонид Ждановский жазды.

«Ястребы» - «Арлан» 5:2 (3:0, 1:1, 1:1)

1:0 - 07:39 - Иконников (Утепкалиев, Пидяшов)

2:0 - 11:41 - Иконников (Выборный, Севастьянов) ГБ

3:0 - 11:56 - Утепкалиев (Иконников, Куминов)

4:0 - 24:15 - Рахимов (Тяжелов, Кладов)

4:1 - 36:45 - Ждановский (Монахов)

5:1 - 42:46 - Иконников (Утепкалиев, Пидяшов)

5:2 - 52:24 - Ждановский (Монахов, Кентаев)

Қақпашылар: Какенов - Лаюров

«Ақтөбе» өз алаңында «Торпедоның» арынын басты. Алаң иелері әр кезеңде бір шайбадан салып, қорғаныста мығым ойнады. Дубль Мақсат Ильястың есебінде, «Ақтөбе» қақпашысы Максим Дубович қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

1:0 - 02:56 - Ильяс (Шпак, Герасимов) ГБ

1:1 - 17:03 - Астраханцев (Тютюньков, Гавриленко)

2:1 - 30:43 - Ильяс (Герасимов, Зубарев)

3:1 - 45:44 - Цихоцкий (Бурамбаев, Зизевских)

Қақпашылар: Дубович - Эрштейн

«Жас Батыр» екпінін бәсеңдетпей, чемпионат басталғалы қатарынан бесінші матчында жеңіске жетті. Бүгін атыраулықтар «Құлагерді» ойсырата жеңді. Төрт голды өз есебіне Филипп Папшев жазды, қарсыласты үш рет Мәдихан Күнтуғанов састырды. Дәл қазір «Жас Батыр» – чемпионаттың ең нәтижелі командасы.

«Жас Батыр» - «Құлагер» 12:3 (4:0, 3:2, 5:1)

0:0 - 00:18 – Щепеицких ШБ

1:0 - 03:51 - Телгожаев (Мануилов, Ерасов)

2:0 - 04:02 - Контуганов (Мухамедияров, Бойцов)

3:0 - 05:48 - Папшев (Садыков) ГБ

4:0 - 19:35 - Максимов

5:0 - 24:52 - Контуганов (Щепеицких, Бойцов)

6:0 - 29:36 - Контуганов (Телгожаев, Мухамедияров)

6:1 - 33:43 - Кузьмин (Ербатыров) ГБ

7:1 - 35:35 - Хальзев (Трибунский, Папшев) ГБ

7:2 - 36:48 - Акмахан (Артемьев, Серикбулатов)

8:2 - 43:51 - Щепеицких (Телгожаев, Контуганов)

9:2 - 45:28 - Папшев

9:3 - 46:56 - Горбань

10:3 - 47:58 - Папшев (Хальзев)

11:3 - 50:42 - Садыков (Телгожаев, Мануилов) ГБ

12:3 - 52:07 - Папшев (Строчкин, Хальзев) ГБ

Қақпашылар: Фанайлов - Байдек (Елхимов, 19:35-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.