Сәркеновтің хет-тригі Барысқа Торпедоның арынын басты, Астана Мұнайшыны жеңді

30 qazan
803

Қазақстан жастар чемпионатындағы ойын аптасы алты матчпен басталды.

«Барыс» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Торпедоны» жеңіп кетті. Кездесудің басты қаһарманы – елордалық ұжымның хет-трик жасаған форварды Асанәлі Сәркенов. Қазіргі чемпион биылғы чемпионатта көш бастап келе жатқан «Жас Батырды» өкшелеп қуып келеді.

«Барыс» - «Торпедо» 5:3 (3:1, 1:1, 1:1)

0:1 - 00:37 - Глухих ГМ

1:1 - 09:02 - Дурглишвили (Гафуров, Оразбаев)

2:1 - 10:40 - Саркенов (Китаров)

3:1 - 18:47 - Саркенов (Китаров, Алибек)

3:2 - 34:03 - Глухих (Тютюньков) ГБ

4:2 - 39:38 - Китаров (Саркенов, Тусупбеков) ГБ

4:3 - 47:39 - Индюков (Чалкин, Омельковец)

5:3 - 52:05 - Саркенов (Алибек)

Қақпашылар: Толеубай – Эрштейн

«Арлан» «Алматымен» алғашқы үй матчында жеңімпаз атанды. Шешуші шайбаның авторы – Георгий Монахов. Оңтүстікастаналық команда финалдық ысқырыққа үш минут қалғанда құрғақ жеңілістен құтылып, қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берген Роман Шефердің қақпасын алды.

«Арлан» - «Алматы» 3:1 (1:0, 2:0, 0:1)

1:0 - 15:57 - Толуспаев (Кабдуали)

2:0 - 22:39 - Монахов (Ждановский)

3:0 - 24:31 - Кентаев (Каиргелди, Сауриков)

3:1 - 56:55 - Демеу (Мажикенов)

Қақпашылар: Шефер – Рудковский

«Астана» екінші кезеңде белсенділік танытып, «Мұнайшыны» еш қиналмастан жеңді. Павлодарлықтар өз есебіне 19 сейв жазған Дармен Габдуллиннің қақпасын ала алмады. Осы жеңісінен кейін «елордалықтар» аралық кестеде «Ақтөбеге» үшінші орынды қосымша көрсеткіштер бойынша ғана ұтылып тұр.

«Астана» - «Мұнайшы» 5:0 (0:0, 5:0, 0:0)

1:0 - 22:10 - Черкасов (Церульников)

2:0 - 23:52 - Пашковский (Шукелов, Ахалбеков)

3:0 - 32:07 - Шаяхметов

4:0 - 35:16 - Ахалбеков

5:0 - 38:08 - Гатауллин (Еркинов, Амангалиев)

Қақпашылар: Габдуллин - Гиганов (Плотников, 35:16-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.