Жеңілмейтін Жас Батыр, сенімді Ақтөбе. Қазан айының қорытындысы

2 qarasha
1152

Қазақстан жастар чемпионатының екінші ойын айын қорытындылайық.

«Жас Батыр» – әзірге чемпионатта бір де бір рет жеңілмеген жалғыз ұжым. Атыраулықтар 16 матчтың 16-сын жеңіп (32), қазіргі таңда барлық командалар арасында ең нәтижелі ойын көрсетіп отыр (есебінде 123 гол бар). Бұл нәтиже батыс қазақстандық командаға оза шауып, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.

«Жас Батыр» қатысатын жекпе-жектерде айдың ең ірі жеңісі (14 қазандағы «Теміртаумен» матчта есеп 10:1) мен айдың ең нәтижелі ойыны (30 қазандағы «Горнякпен» матчта есеп 11:3) тіркелуі бекер емес.

«Жас Батырдың» ізін өкшелеп қуып «Барыс келе жатыр. Қазіргі ел чемпионы 16 матчтың 13-інде жеңімпаз атанып (27 балл), нәтижелілік тұрғысынан екінші келе жатыр (87 шайба). Алайда қазан айында елордалық ұжым екпінін азайтып, үш рет жеңіліске ұшырады.

«Ақтөбе» мен «Астана» 24 ұпайдан жинады. Қосымша көрсеткіштер бойынша батысқазақстандық қжым жоғары келе жатыр. Бұл ретте «Ақтөбе» чемпионаттың қорғаныс бойынша ең сенімді командасы болып отыр (барлығы 28 шайба өткізген).

«Арлан», «Алматы», «Мұнайшы» мен «Горняк» кубоктік сегіздіктен тыс қалды.

Павлодарлықтар мен рудныйлықтар екі реттен ғана жеңіске жетті. Плей-офф жолындағы жорыққа оралу үшін белсенділік қосулары қажет.

Қазіргі таңда чемпионаттың үздік бомбардирі мен сұрмергені – Роман Строчкин. «Жас Батырдың» форварды екпінін азайтпастан, 50 балдық межеге жақындап келеді. Қазір оның есебінде 16 ойын бойыншат 44 (23+21) балл бар.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.