Қарашаның үздік ойыншылары

2 jeltoqsan
810

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның үшінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Никита Эрштейн («Торпедо»)

Қараша айында Никита өз командасының барлық алты матчына қатысып, олардың төртеуінде жеңіске жетті. Мұзда ол 349 минут өткізді. Бұл – өткен айдағы Лига қақпашылары арасындағы екінші көрсеткіш. Орта есеппен Эрштейн әрбір ойында 2,41 шайба өткізіп, соққылардың 91,67%-ына тойтарыс берді. Өскемендіктердің голкипері сонымен қатар тойтарылған соққылар саны бойынша үздіктер үштігіне енді (140).

Үздік қорғаушы – Даниил Тяжелов («Ястребы»)

Даниил қараша айының жаңалықтарының бірі болды. Ол өткен айда небәрі алты матчта бұған дейін тқтас чемпионат бойы жинайтынынан көбірек ұпай жинады. Тяжеловтың есебінде 3 гол (Лиганың барлық қорғаушылары арасындағы үздік нәтиже) және (+13) пайдалылық көрсеткішімен 3 пас бар. Қорғаныс ойыншысы екі рет артық құраммен көзге түсті. Тяжелов сонымен қатар қарсыластың 7 соққысын бұғаттап, қарсы қақпаға өзі 22 соққы бағыттады.

Үздік шабуылшы – Роман Строчкин («Жас Батыр»)

Строчкин әрбір матчта орта есеппен 2,7 балл жинап, өзінің биік межесін ұстап келеді. Қараша айында 10 кездесуде 10 шайба салып, (+12) пайдалылық көрсеткішімен 5 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Роман соққылардың жүзеге асырылуы бойынша тамаша пайыз көрсетіп келеді (28,57). Сол себепті Строчкиннің чемпионаттың үздік бомбардирі, ал «Жас Батырдың» Лиганың турнир кестесінде көш бастап келе жатуы – заңдылық.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.