Барыс-Жас бесінші орынға табан тіреді, Ястребы жүз голға жақындады. 14 қаңтардағы матчтарға шолу

14 qańtar
1153

«Барыс-Жас» екінші рет «Горняктан» басым түсті. «Ястребы» «Құлагерге» қарсы ойында сенімді түрде жеңіске жетті.

Елордалық ұжым үшінші кезеңді керемет екпінмен өткізіп, жеңіске қиналмай жетті. Жанболат Бекеев дубль жасады.

«Горняк» - «Барыс-Жас» 2:5 (0:0, 2:2, 0:3)

1:0 – 23:51 – Утебаев (Суворов, Жабаровский)

1:1 – 24:54 – Бекеев Ж. (Бекеев А., Бахитжанов)

1:2 – 26:45 – Бахитжанов (Бекеев Ж., Бекеев А.)

2:2 – 38:46 – Козорез (Суворов, Утебаев)

2:3 – 45:51 – Кайрат (Актаев)

2:4 – 52:34 – Селезнёв (Фокин, Бейсембиев)

2:5 – 59:32 – Бекеев Ж. (Бекеев А., Бахитжанов) ГБ

Қақпашылар: Скрынников - Габдуллин

«Ястребы» керісінше бірінші кезеңде соққыны үдетіп, кездесудің жеңімпазы кім болатынын байқатты. Петропавлдықтарды екі рет Никита Белашов састырды.

«Ястребы» – «Құлагер» 6:2 (3:0, 2:2, 1:0)

1:0 – 05:25 – Белашов (Амангельдинов)

2:0 – 12:45 – Белашов (Рубцов)

3:0 – 15:26 – Рубцов

3:1 – 23:27 – Федоров (Емельянов) ГБ

3:2 – 26:21 – Койпиш (Миллер)

4:2 – 28:02 – Сливной (Алякин)

5:2 – 37:04 – Сафаргалиев (Ницевич, Залевский) ГБ

6:2 – 42:09 – Капица

Қақпашылар: Осипов – Токпан (Щербаков, 20:00-60:00)