Плашенковтың хет-тригі Мұнайшыны көшбасшымен тартыста құтқармады, Торпедо Оралдан екі балмен қайтты

26 qańtar
766

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің кешкі сессиясына екі кездесу жоспарланды.

«Мұнайшы» Атырауда сенсация жасай жаздады. «Жас Батыр» чемпионат аутсайдерін жеңу үшін көп күш жұмсап, турнир кестесіндегі аралық бірінші орынды сақтап қалды. Жеңімпаздар құрамынан Руслан Телғожаев дубль жасады, алаң иелерінің төрт нәтижелі шабуылына Даниил Шепеицких (1+3) қатысты. Павлодарлықтар құрамынан үш дөп соққыны өз есебіне Арсений Плашенков жазды.

«Жас Батыр» - «Мұнайшы» 6:4 (1:0, 2:1, 3:3)

1:0 - 15:17 - Телгожаев (Контуганов, Щепеицких) ГБ

2:0 - 26:55 - Телгожаев (Строчкин, Мухамедияров)

2:1 - 31:36 - Плашенков

3:1 - 32:46 - Контуганов (Щепеицких)

3:2 - 50:45 - Головащенко (Тагамбаев)

4:2 - 51:03 - Строчкин (Баймырзаев, Мухамедияров)

4:3 - 53:50 - Плашенков (Мальцев)

5:3 - 55:23 - Мухамедияров (Трибунский, Щепеицких)

5:4 - 56:04 - Плашенков

6:4 - 59:22 - Щепеицких ПВ

Қақпашылар: Прицкер - Гиганов

«Торпедо» Оралды жеңісті жұлып әкетті. Қонақтар шешуші голды есеп 3:3 болып тұрған сәтте финалдық ысқырыққа 36 секунд қалғанда салды. Оның авторы – Ян Тютюньков.

«Ястребы» - «Торпедо» 3:4 (1:2, 1:1, 1:1)

1:0 - 04:25 - Клочков (Стальмаков, Выборный) ГБ

1:1 - 11:39 - Глухих (Мерзликин)

1:2 - 16:18 - Астраханцев (Дубинкин)

1:3 - 28:44 - Бурнашов (Глухих)

2:3 - 30:14 - Селезнев

3:3 - 40:38 - Рахимов (Селезнев)

3:4 - 59:24 - Тютюньков (Омельковец, Астраханцев)

Қақпашылар: Какенов - Эрштейн


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.