«Ястребы» Өскеменнен алты ұпаймен қайтты. «Қыран» «Құлагерден» қарымта қайтарды. «Барыс-Жас» пен «Астана» буллиттер сериясына жетті. «Мұнайшы» тағы да «Горнякты» жеңді.
Оралдық ұжым үшінші кезеңді сәтті өткізіп, «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. Түзде жинаған алты ұпайдан кейін «Ястребы» турнир кестесінде бірінші қатарға шықты. Николай Васин хет-трик жасады.
«Торпедо» - «Ястребы» 3:5 (1:2, 2:0, 0:3)
0:1 - 06:58 - Шайдоллов (Сливной, Симеониди)
1:1 - 10:13 - Попов (Омельковец)
1:2 - 19:02 - Васин (Сафаргалиев)
2:2 - 32:38 - Подшивалов (Попов)
3:2 - 33:12 - Алдабергенов (Тютюньков Д.)
3:3 - 48:00 - Васин (Белашов)
3:4 - 56:28 - Васин (Белашов)
3:5 - 57:35 - Сливной (Медведев, Ницевич)
Қақпашылар: Осокин – Емельянов
«Құлагер» «Қыранмен» екінші матчта жеңілістен құтылып кетуге шақ қалды. Алайда соңғы секундтарда қарағандылық ұжым сенімді әрекет етіп, Петропавлдан төрт ұпаймен қайтты.
«Кулагер» - «Кыран» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)
0:1 - 10:11 - Еськов (Аблатипов, Алламов)
0:2 - 16:25 - Свинтальский (Денисов) ГБ
0:3 - 35:00 - Ущев (Степанов)
1:3 - 45:33 - Антясов (Фролов)
2:3 - 59:43 - Миллер (Койпиш) ГБ
Қақпашылар: Остовский – Куликов
Екі елордалық ұжымның тартысында ойын буллиттер сериясына жетті. Онда Александр Березенскийдің ойыншылары дөп түсті.
«Барыс-Жас» - «Астана» 3:2 Б (1:0, 0:1, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 – 19:01 – Бейсембиев (Жакан, Кайрат)
1:1 – 35:29 - Китаров (Трегубов)
1:2 - 42:05 Кисель (Бондарев)
2:2 - 51:26 - Актаев (Кайрат)
3:2 - 65:00 - Бейсембиев ПБ
Қақпашылар: Омирбеков - Риттингер
«Горняк» тоғызыншы рет қатарынан жеңіліске ұшырады. «Мұнайшыға» қарсы ойында рудныйлық ұжым ұпай жинау үшін барын салып еді, алайда павлодарлықтар есепті өз пайдасына шешті. Екі жеңістен кейін алаң иелері кубоқтық сегіздікке жетіп қалды.
«Мұнайшы» – «Горняк» 3:2 (0:1, 2:1, 1:0)
0:1 - 05:06 - Утебаев (Суворов, Пархоменко) 05:56
1:1 - 29:29 - Васильев (Шкленник, Исаканов) ГБ
2:1 - 35:34 - Тагамбаев (Анцельм, Своеволин)
2:2 - 39:17 - Пархоменко (Суворов, Утебаев) ГБ
3:2 - 56:37 - Своеволин (Гуняшев, Маткабыл)
Қақпашылар: Гущин - Лигай