Бондаревтің хет-тригі Астанаға Горнякпен ойында жеңіс әкелді

28 qańtar
781

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчы елордада өтті.

«Астана» «Горнякпен» үйдегі екінші жекпе-жекте аса қиналмады. Бірінші кезеңде «елордалықтар» қарсыласты төрт рет күйіндірді. Әрі қарай алаң иелерінің үстемдігі өсе берді. «Астана» шабуылшысы Никита Бондарев таңғаларлық уақыт ішінде – үш минут және екі секунд ішінде хет-трик жасады. Бұл голдардың барлығын Бондарев бір (!) бес минуттық артық құрам аясында салды. Темирлан Қитаров (1+3) өз командасының төрт нәтижелі шабуылына қатысты.

«Астана» - «Горняк» 9:3 (4:1, 3:1, 2:1)

1:0 - 01:39 - Амангалиев

1:1 - 04:49 - Крицин ГМ

2:1 - 08:00 - Церульников (Еркинов, Амангалиев)

3:1 - 18:08 - Бондарев (Китаров, Еркинов) ГБ

4:1 - 18:32 - Бондарев (Китаров, Бекеев) ГБ

5:1 - 21:10 - Бондарев (Китаров, Бекеев) ГБ

5:2 - 23:42 - Жумагалиев (Габдулянов) ГМ

6:2 - 25:28 - Сулейменов (Кожемяко)

7:2 - 28:34 - Китаров (Бондарев, Шукелов)

8:2 - 51:09 - Шукелов (Гатауллин, Плечев)

9:2 - 56:09 - Бекеев (Бондарев, Сторожилов) ГБ

9:3 - 56:53 - Габдулянов (Крицин, Макаров)

Қақпашылар: Еркинов (Амангелды, 40:00-60:00) - Шапошник (Шинковский, 56:09-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.