Қаңтардың үздік ойыншылары

4 aqpan
827

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның бесінші ойын айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Никита Эрштейн («Торпедо»)

«Торпедо» Эрштейннің тамаша ойынының арқасында турнир кестесінде үшінші орнын сақтап қалды. Қаңтарда Никита мұзайдында 350 минуттан астам уақыт өткізді және сегіз матчтың жетеуінде жеңіске жетті. Ол орта есеппен әр ойында 2,06 шайба өткізіп, соққылардың 94,12%-ына тойтарыс берді.

Үздік қорғаушы – Руслан Телгожаев («Жас Батыр»)

Лиганың ең нәтижелі қорғаушысы өз командасына елеулі пайда әкелуін жалғастыруда. Қаңтарда ол сегіз матчтың жетеуінде ұпай жинап (5+6), айды +4 пайдалылық көрсеткішімен аяқтады. Бұл ретте Руслан өзінің гол салатын сәттерін жақсы жүзеге асырды (17,24%).

Үздік шабуылшы – Александр Бурамбаев («Ақтөбе»)

Бурамбаев нәтижелілік бойынша айдың екінші ойыншысы атанды. Алайда 20 (12+8) ұпай жинауға оған сегіз кездесу қажет болды. Оның есебінде бір хет-трик пен үш дубль бар. Бұл ретте Александр өткен кезеңнің үздік сұрмергені. Пайдалылық көрсеткіші +5 құрайды. 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.