Құлагер плей-оффқа шықты, Торпедо нәтижелі жекпе-жекте Мұнайшыны жеңді

17 aqpan
990

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің күндізгі сессиясына екі матч жоспарланды.

Плей-оффтың сегізінші жолдамасы үшін әбден тартысқан «Алматы» мен «Құлагер» оңтүстік астанада нағыз итжығыс ойын көрсетті. Соңғы кезеңнің барысында алаң иелері үш шайбамен артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Десе де, финалдық ысқырыққа 72 секунд қалғанда хет-трик жасаған Матвей Кузьминнің дөп соққысы петропавлдықтарға негізгі уақыттағы жеңісті сыйлады.

Дәл осы жайт шешуші болды – «Алматы» тіпті ертеңгі екінші кездесуде жеңгеннің өзінде оңтүстікастаналықтар негізгі уақыттағы жеңіс саны бойынша «Құлагерді» қуып жете алмайды. Демек, петропавлдықтар Қазақстан жастар чемпионаты плей-оффының соңғы жолдамасын еншілейді деген сөз.

«Алматы» - «Құлагер» 5:6 (0:2, 2:3, 3:1)

0:1 - 06:18 - Серикбулатов (Юдин)

0:2 - 08:17 - Кузьмин ГМ

0:3 - 25:31 - Кузьмин (Артемьев, Пименов) ГБ

1:3 - 26:59 - Фетисов (Акпирганов)

2:3 - 30:41 - Акпирганов (Фетисов, Цинаев) ГБ

2:4 - 33:00 - Акмахан (Комиссаров, Рябчиков)

2:5 - 39:55 - Фрукалов

3:5 - 41:00 - Бастаногов (Фетисов)

4:5 - 41:53 - Выговский (Айдуков)

5:5 - 52:41 - Айдуков ГМ

5:6 - 58:48 - Кузьмин (Артемьев)

Қақпашылар: Яковенко (Шарипов, 33:00-60:00) – Елхимов

Шығысқазақстандық көршілердің текетіресінде өскемендіктер басым түсті. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелері павлодарлық қарсыласты алты рет састырды. Айтқандай, «Мұнайшы» ойынға оралып, төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алды, алайда ұпай жинау үшін бұл жеткіліксіз болды. Қонақтардың құрамынан Арсений Плашенков дубль жасады.

«Торпедо» - «Мұнайшы» 7:4 (6:2, 1:0, 0:2)

1:0 - 00:11 - Украинцев (Кисель)

2:0 - 06:18 - Якубджанов (Есимов, Кисель)

3:0 - 10:02 - Есимов (Дубинкин, Кисель) ГБ

3:1 - 11:38 - Рихард (Плашенков)

4:1 - 16:10 - Кисель (Дубинкин, Якубджанов)

5:1 - 17:53 - Мерзликин (Хан, Астраханцев)

5:2 - 18:01 - Плашенков (Гусейнов)

6:2 - 19:26 - Астраханцев (Кисель)

7:2 - 38:32 - Омельковец (Кисель, Фокин)

7:3 - 50:25 - Гусейнов (Рихард, Плашенков)

7:4 - 55:23 - Плашенков (Лариков, Рихард)

Қақпашылар: Пыленок (Эрштейн, 57:15-40:00) - Гиганов (Плотников, 20:00-40:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.