«Торпедо» «Горняктың» қақпасына тоғыз жауапсыз шайба аттандырды. «Барыс» «Барыс-Жас» командасындағы ұяластарын жеңіп кетті. «Арлан» «Қыранды» жеңу үшін біршама тек төкті. «Мұнайшы» «Ястребы» командасына төтеп бере алмады.
Өскемендік ұжым бірінші кезеңде-ақ қарсыласты төрт рет састырды. Ары қарай алаң иелерінің үстемдігі арта түсті. Владислав Плотников пен Данила Омельковец дубльден салды.
«Торпедо» – «Горняк» 9:0 (4:0, 3:0, 2:0)
1:0 - 01:30 - Дьяченко (Тютюньков Д., Пивень)
2:0 - 09:11 - Тютюньков Д. (Хан)
3:0 - 14:54 - Плотников (Ивашов)
4:0 - 15:51 - Омельковец (Тютюньков Я.)
5:0 - 24:09 - Чигаев (Плотников)
6:0 - 29:10 - Масленников (Астраханцев)
7:0 - 35:17 - Попов (Омельковец, Тютюньков Я.)
8:0 - 40:25 - Омельковец (Попов, Курсакбаев)
9:0 - 42:55 - Плотников (Чигаев, Астраханцев)
Қақпашылар: Шестаков (Классен, 40:00-60:00) – Лигай (Фанайлов, 25:15-60:00)
Екі елордалық ұжымдардың шайқасында «Барыс» жеңіске жетті. Кездесудің негізгі жайттары үшінші кезеңде орын алып, «Барыс-Жастың» қақпасына үш шайба аттанды.
«Барыс» – «Барыс-Жас» 3:2 (0:0, 0:1, 3:1)
0:1 - 36:12 - Бейсембиев (Кайрат, Завьялов)
1:1 - 44:46 - Сапарбек Д. (Кабатаев, Маркабаев)
2:1 - 45:09 - Ермак (Оспанов, Никитин)
2:2 - 46:46 - Бекеев А. (Авдеенко, Бекеев Ж.) ГБ
3:2 - 58:09 - Жилин (Цыбин)
Қақпашылар: Дубинскас – Шефер
«Арлан» мен «Қыранның» итжығыс шайқасында бір ұпаймен көкшетаулықтар алға шықты. Соңғы шайбаны Никита Игушкин салды.
«Арлан» – «Қыран» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)
1:0 - 04:42 - Абил (Шкиль, Бочкарев) ГБ
2:0 - 24:46 - Игушкин (Кучер)
2:1 - 36:22 - Ермаков (Соловьев, Аблатипов) ГБ
Қақпашылар: Чепец – Куликов
«Ястребы» «Мұнайшының» арынын басты. Оралдық ұжым қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізіп, әзірге лиганың аралық тізімінде көшті бастап тұр.
«Мұнайшы» – «Ястребы» 1:3 (0:1, 0:0, 1:2)
0:1 - 06:47 - Медведев (Ницевич)
1:1 - 42:41 - Карпов
1:2 - 44:56 - Медведев (Адеев, Алякин)
1:3 - 49:59 - Рубцов (Симеониди)
Қақпашылар: Костюков - Осипов