Барыс – Торпедо сериясы алдында

7 naýryz
330

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ½ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ½ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.


«Барыс» (2) – «Торпедо» (3)

Тұрақты чемпионаттағы жеңістер/ұпайлар: 33/69 – 33/67

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 240/109 – 187/106

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Егор Левковец (57 балл, 20+37) – Игорь Кисель (55 балл, 24+31)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 2:1, 5:8, 5:3, 2:5

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Артур Гросс (4+1) – Ян Тютюньков (4+5)

Плей-оффтағы жолы: «Теміртаумен» серияда4-2 – «Астанамен» серияда 4-1

Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 32/16 – 19/11

Плей-оффтағы үздік бомбардир: Роман Ермак (4+6) – Даниил Якубджанов (4+4)


«Барыс» пен «Торпедоның» маусымдық текетіресінде әзірге командалар тең түсті.

Елордалық ұжымның шабуылшысы Роман Ермак – ширекфиналдық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-оффтың үздік бомбардирі.

Өскемендіктердің өкілі Никита Эрштейн – тойтарылған соққылар пайызы бойынша плей-оффтағы қақпашылар цехінің көшбасшысы (94,2). 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.