Өскемендегі итжығыс, «Арлан» мен «Астана» қарсыласты ойсырата жеңді. 24 қаңтардағы матчтарға шолу

24 qańtar
1206

«Торпедо» мен «Горняк» матчтың негізгі уақытынан тыс ойынға көшті. «Барыс» «Барыс-Жасты» жеңу үшін біршама тер төкті. «Арлан» «Қыранды» ойсырата жеңді. «Ястребы» «Мұнайшының» арынын басты. «Астана» «Құлагерді» үлкен есеп айырмашылығымен жеңді.

Өскемендегі екінші матчтың жеңімпазы тек овертаймда анықталды. Алаң иелері кездесу барысында үш шайба артта келе жатқан жерінен есе қайтарды және қосымша бес минутта жеңісті қолдан жұлып әкетіп, үлкен ерлік жасады.

«Торпедо» – «Горняк» 4:3 ОТ (0:3, 2:0, 1:0, 1:0)

0:1 - 04:48 - Волобуев (Пархоменко) ГБ

0:2 - 11:33 - Буб

0:3 - 18:56 - Утебаев (Суворов, Пархоменко)

1:3 - 23:58 - Пивень (Дьяченко, Тютюньков Д.)

2:3 - 29:53 - Астраханцев (Масленников) ГМ

3:3 - 46:05 - Чалов (Омельковец)

4:3 - 60:45 - Гавриленко (Тютюньков Д.)

Қақпашылар: Шестаков - Фанайлов

«Барыс» жүйесінің екі командасының екінші жекпе-жегінде жеңісті тағы да Олег Шулаевтың ойыншылары иеленді.

«Барыс» – «Барыс-Жас» 4:3 (2:0, 0:1, 2:2)

1:0 - 04:44 - Кабатаев (Логвин)

2:0 - 06:00 - Маркабаев (Камибаев)

2:1 - 29:19 - Селезнев (Фокин)

3:1 - 41:21 - Ермак (Нурлан, Логвин)

3:2 - 48:22 - Фокин (Селезнев, Поленов) ГБ

4:2 - 54:50 - Цыбин (Нурлан, Маркабаев) ГБ

4:3 - 57:30 - Бахитжанов (Авдеенко, Бекеев Ж.) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас -Габдуллин

Бірінші кезеңде-ақ «Арлан» «Қыранның» қақпасына алты шайба жіберді. Қарағандылықтар мұндай соққыдан кейін ес жия алмай, кездесуде көкшетаулық ұжымның қанжығасы майланды.

«Арлан» – «Қыран» 10:1 (6:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 02:28 - Абил (Гафаров)

2:0 - 04:46 - Яковенко (Бочкарев, Гильфанов)

3:0 - 06:34 - Абил (Гафаров)

3:1 - 08:57 - Еськов ГБ

4:1 - 11:22 - Гафаров (Абил, Бочкарев) ГБ

5:1 - 13:07 - Гафаров (Ибраев, Абил)

6:1 - 19:28 - Гафаров (Абил, Бочкарев) ГБ

7:1 - 24:42 - Гильфанов (Кучер, Яковенко)

8:1 - 25:41 - Гильфанов (Гафаров, Бочкарев) ГБ

9:1 - 45:34 - Гафаров (Ибраев, Гильфанов)

10:1 - 54:03 - Абил (Ибраев, Гафаров)

Қақпашылар: Ваганян – Куликов (Коваль Альберт, 06:34-13:07)

«Ястребы» командасына екінші рет «Мұнайшыны» жеңу оңайға түскен жоқ. Кездесудің басты кейіпкері дубль жасаған Никита Белашов болды.

«Мұнайшы» – «Ястребы» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)

1:0 - 12:46 - Обухов (Костюков, Билимбаев)

1:1 - 29:09 - Белашов

1:2 - 29:18 - Белашов (Жолдобай, Капица)

Қақпашылар: Костюков – Емельянов

«Астана» түзде қарсыластың қақпасына сегіз шайба аттандырып, «Құлагерді» жеңіп кетті.

«Құлагер» – «Астана» 2:8 (0:3, 2:2, 0:3)

0:1 - 01:04 - Аманжолов (Карпасов)

0:2 - 03:22 - Аманжолов (Бондарев)

0:3 - 17:40 - Худайбергенов (Кисель)

0:4 - 23:46 - Китаров (Нигай, Фетодов)

0:5 - 32:15 - Карпасов (Аманжолов)

1:5 - 34:51 - Свириденко (Махамадеев) ГБ

2:5 - 36:09 - Койпиш (Фролов, Емельянов)

2:6 - 55:47 - Айдуков (Худайбергенов)

2:7 - 57:20 - Кисель (Нуржанов, Бондарев)

2:8 - 58:14 - Федотов (Нигай)

Қақпашылар: Остовский (Щербаков, 23:46-60:00) - Риттингер