​Торпедо – Ақтөбе арасындағы серия алды

25 naýryz
777

Біріншіліктің қола медальдары үшін 27-ші наурыз күні Өскеменде жергілікті «Торпедо» мен батыстық «Ақтөбенің» арасындағы тартысты серия басын алмақ. Бұл жұпта жеңімпаз командалардың бірінің 3 жеңісіне дейін анықталатын болады.

«Торпедо» (3) – «Ақтөбе» (4)

Тұрақты біріншіліктегі жеңістер/ұпайлар: 33/67 – 29/62

Тұрақты біріншіліктегі салған/жіберген шайбалар саны: 187/106 –143/111

Тұрақты біріншіліктегі сұрмерген: Игорь Кисель (55 ұпай, 24+31) – Александр Бурамбаев (72 ұпай, 36+36)

Тұрақты біріншіліктегі жеке кездесулер: 1:3, 4:3 Б, 1:5, 10:3

Жеке кездесулердегі мықты сұрмерген: Глеб Астраханцев (2+4) – Александр Бурамбаев (5+3)

Плей – оффқа жол: «Астанаға»қарсы сериядағы 4:1 есебі, «Барысқа»қарсы сериядағы0-4 есебі– «Ястребы» командасына қарсы сериядағы4-1 есебі, «Жас Батырға» қарсы сериядағы 0-4 есебі

Плей – оффтағы салған/жіберген шайбалар саны: 29/33 –31/43

Плей – оффтағы мықты сұрмерген: Даниил Якубджанов (4+6) – Даниил Цихоцкий (6+5)

Маусымдық текетіресте «Торпедо» мен «Ақтөбе» екі жеңістен жетіп, бір кездесу буллиттер сериясымен аяқталған болатын.

Никита Эрштейн плей-офф кезеңіндегі шайбаны қайтару пайыздық көрсеткіш бойынша (91,2%) үздік үш қақпашының бірі болып саналады.

«Ақтөбе» - төрттіктің ішіндегі ең көп шайба жіберетін ұжым. Бірақ бұл факт негізінен «Жас батырмен» өткен сериядан кейін белгілі болды, оның барысында ақтөбеліктер қақпасына 25 гол соғылды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.