«Жас Батыр» мен «Барыс» командалары арасындағы ақтық серияның алғашқы ойыны 28 – ші наурыз күні Атырау қаласында бастау алады. Бұл текетірес бір ұжымның 4 жеңісіне дейін жалғасатын болады.
«Жас Батыр» (1) – «Барыс» (2)
Тұрақты біріншіліктегі жеңістер/ұпайлар: 39/79 – 33/69
Тұрақты біріншіліктегі салған/жіберген шайбалар саны: 274/94 - 240/109
Тұрақты біріншіліктегі сұрмерген: Роман Строчкин (108 ұпай, 55+53) - Егор Левковец (57 ұпай, 20+37)
Тұрақты біріншіліктегі жеке кездесулер: 6:4, 4:5 ОТ, 5:1, 8:4
Жеке кездесулердегі мықты сұрмерген: Даниил Шепеицких (1+9) – Егор Смольянинов (4+2)
Плей – оффқа жол: «Құлагерге» қарсы сериядағы 4:0 есебі, «Ақтөбеге» қарсы сериядағы 4:0 есебі – «Теміртауға» қарсы сериядағы 4:2 есебі, «Торпедоға» қарсы сериядағы 4:0 есебі
Плей – оффтағы салған/жіберген шайбалар саны: 51/15 - 54/26
Плей – оффтағы мықты сұрмерген: Роман Строчкин (8+12) – Кирилл Ляпунов (6+6)
Биылғы маусымда «Жас Батыр» командасы елордалық «Барысқа» қарсы 4 матчтың үшеуінде жеңіске жеткен болатын. Сондағы астаналықтардың жалғыз жеңісі овертайм кезеңінде анықталған еді.
«Барыс» ағымдағы плей-офф кезеңіндегі ең нәтижелі команда болып есептелінеді, алайда «Жас батыр» екі ойынға аз матч өткізіп, астаналық командадан үш – ақ гол айырмашылығын сақтауда.
«Жас Батырдың» бірден 4 шабуылшысы плей – офф кезеңінде 15 ұпайға көп балл жинап, Роман Строчкин бастаған жігіттер ең мықты сұрмергендер статистикасында лидерлік позицияларын сақтай алды. Дәл сондай жағдай қорғаныш шебі ойыншыларында да байқалады. Атыраулық Арман Садықов пен Руслан Телгожаев көш басында.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.