Ақтөбеде Қазақстан жастар чемпионатының қола сериясының үшінші және қорытынды матчы өтті.
«Ақтөбе» бүгін екі рет артық құрам ұйымдастырып, жақсы шабуылдады. Алайда өскемендіктер дәлірек көздеді. Жеңіс соққысының авторы – Данила Омельковец. Осылайша, «Торпедо» минималды матчпен сериядағы үшінші орынды иемденді. Алексей Решетниковтың командасы Қазақстан жастар чемпионатының қола жүлдегері атанды. «Ақтөбе» маусымның қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады.
«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:5 (2:2, 1:2, 0:1)
1:0 - 06:10 - Цихоцкий (Зизевских, Мозжерин) ГБ
1:1 - 09:44 - Фокин ГБ
2:1 - 12:11 - Шпак (Монахов)
2:2 - 18:38 - Тютюньков (Индюков)
2:3 - 28:52 - Базанов (Рысбеков, Есимов)
2:4 - 35:11 - Омельковец
3:4 - 36:11 - Бурамбаев (Зизевских) ГБ
3:5 - 45:29 - Якубджанов (Астраханцев, Тютюньков)
Қақпашылар: Костюков - Эрштейн
«Торпедо» - «Ақтөбе» сериясындағы есеп: 3-0 (3:2 ОТ, 3:2 ОТ, 5:3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.