Данияр Ахметов – Теміртаудың бас бапкері

9 tamyz
434

Қарағандылық «Сарыарқаның» баспасөз қызметі Jastar Hokei Ligasy-ның алдағы маусымындағы жастар командасының бапкерлер штабын таныстырды.

«Теміртаудың» бас бапкері болып «Сарыарқа» жүйесінде 2019 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Данияр Ахметов қала бермек. Бір қызығы, өзінің ойыншы ретіндегі мансабын спортшы «Теміртауда» аяқтады. Ол кезде «Теміртау» Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін ересектер командасы болатын. Алдағы маусымда Данияр Ермекұлына Сергей Смольянинов көмектеседі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.