Барыс елордалық тартыста басым түсті, Фрукаловтың хет-тригі Құлагерге Жас Батырмен матчта жеңіс әкелді, Ястребы плей-оффқа шықты

8 qyrkúıek
883

Қазақстан жастар кубогінің жексенбілік ойын күнінің кешкі сессиясында үш кездесу өтті.

«Астана» «Барыстан» жеңілгеннен кейін турнирдің финалдық бөлігіне шығу мүмкіндігінен айрылды. Соңғы кезең басталғанша «елордалықтар» әлі де ойында болды. Алайда үшінші кезеңде қазіргі чемпион айтарлықтай қарқын қосып, жайлы есеп алшақтығын орнатты. Жеңімпаздар құрамынан Арыстан Әмірқанов хет-трик жасады.

«Барыс» - «Астана» 7:2 (1:1, 1:1, 5:0)

1:0 - 03:36 - Левковец (Лукавенко)

1:1 - 07:08 - Мейрам (Мұхаметжанов, Пашковский) ГБ

1:2 - 32:45 - Бекеев (Аманғалиев) ГМ

2:2 - 36:15 - Трегубов (Дурглишвили)

3:2 - 53:40 - Әмірқанов (Трегубов)

4:2 - 55:16 - Трегубов (Левковец, Лукавенко)

5:2 - 55:40 - Әмірқанов

6:2 - 57:03 - Алдонгар (Быков)

7:2 - 58:15 - Әмірқанов

Қақпашылар: Кучковский - Еркинов (Есен, 55:40-60:00)

«Құлагер» мен «Жас Батыр» петропавлдық жұртшылықтың қуанышына орай, алаң иелері үшін жақсылықпен аяқталған нағыз триллер ұсынды. Финалдық ысқырыққа алты минут қалғанда Анатолий Васильевтің ойыншылары екі шайбамен алда келе жатты. Алайда әрі қарай атыраулықтар күш жинап, кезеңнің аяқталуына 33 секунд қалғанда таблодағы есепті теңестірді. Көп ұзамай қонақтар тағы да артық құрам ұйымдастырды. Алайда жағдай «Құлагердің» оң жамбасына келді. Алексей Фрукалов кем құраммен алға өтіп кетіп, қарсыласты фол жасауға мәжбүр етті, онысы үшін арбитрлер айып соққысын тағайындады. Фрукаловтың өзі буллитті сенімді түрде жүзеге асырып, осылайша хет-трик жасады және петропавлдықтарға Кубоктегі алғашқы жеңісті сыйлады. Ал жүлденің қазіргі иегері өз өкілеттілігінен айрылды – «Жас Батыр» В тобын нөлмен тұйықтайды және жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айрылды.

Матчтың мұндай нәтижесі «Ястребы» командасына бұл топта мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленіп, Кубоктің финалдық бөлігіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

«Құлагер» - «Жас Батыр» 7:6 (3:1, 1:2, 3:3)

1:0 - 05:00 - Фрукалов

1:1 - 07:25 - Пиксаев (Игнатов, Мухамедияров)

2:1 - 10:20 - Юдин (Серікболатов) ГБ

3:1 - 12:00 - Фрукалов (Юдин)

3:2 - 24:48 - Пиксаев (Бойцов) ГБ

4:2 - 29:41 - Толстенев (Юдин, Фролов) ГБ

4:3 - 33:44 - Бойцов

4:4 - 41:01 – Күнтуғанов (Телғожаев, Мухамедияров)

5:4 - 41:32 - Серікболатов (Фрукалов, Юдин)

6:4 - 43:47 - Серікболатов (Юдин)

6:5 - 54:58 - Еркінов (Күнтуғанов, Мухамедияров) ГБ

6:6 - 59:27 - Еркінов (Әуезбай, Телғожаев)

7:6 - 59:45 - Фрукалов ШБ

Қақпашылар: Елхимов - Костоев

«Алматымен» текетіресте «Торпедо» 25-ші минутқа қарай шешуші серпіліс жасады. Оңтүстікастаналық ұжым ойынға толыққанды орала алмады. Өз есептеріне екі голдан Александр Фокин мен Руслан Чалкин жазды. Өскемендіктер С тобынан шығу үшін тартысты жалғастыруда.

«Алматы» - «Торпедо» 2:5 (0:2, 0:2, 2:1)

0:1 - 03:29 - Астраханцев (Рысбеков, Чалкин) ГБ

0:2 - 18:59 - Фокин (Глухих, Мерзликин)

0:3 - 21:03 - Чалкин (Мерзликин, Хан)

0:4 - 24:49 - Чалкин (Астраханцев, Рысбеков)

1:4 - 41:48 - Югай

2:4 - 51:00 - Андрусенко (Токтасынов)

2:5 - 59:27 - Фокин (Глухих)

Қақпашылар: Куат (Яковенко, 25:38-60:00) - Эрштейн (Осенин, 28:44-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.