Торпедо тағы да Барыс-Жастан басым түсті, Горняк буллиттер бойынша Арланды жеңді. 3 ақпандағы матчтарға шолу

3 aqpan
1282

Торпедолықтар елордадағы екінші матчты да жеңді. «Горняк» пен «Арлан» жеңімпазды тек булиттер сериясында анықтады. «Мұнайшы» Қарағандыда алты ұпай жинады. «Ястребы» және «Барыс» матчтың негізгі уақытынан тыс ойнады.

«Барыс-Жас» өскемендіктерден қарымта қайтаруға бекініп келді. Екінші кезеңнің басында елордалық ұжым тіпті екі шайба алға кетті, алайда ары қарай тек торпедолықтар салды.

«Барыс-Жас» - «Торпедо» 2:4 (0:0, 2:1, 0:3)

1:0 – 20:54 – Бекеев А.

2:0 – 21:41 – Бекеев А. (Бахитжанов, Бекеев Ж.)

2:1 – 22:31 – Якубджанов (Стальмаков, Пивень)

2:2 – 43:45 – Бондаренко (Перов) ГМ

2:3 – 51:31 – Бондаренко (Тютюньков Д.)

2:4 – 58:58 – Перов (Бондаренко, Тютюньков Д.) ГБ

Қақпашылар: Шефер – Мейдер

«Горняк» пен «Арлан» Рудныйда нағыз итжығыс ойын көрсетті. Екі команда бірлесіп, негізгі уақытта 12 шайба салды. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. «Арланның» шабуылшысы Шыңғысхан Әбіл покер жасағанын айтып өту керек.

«Горняк» - «Арлан» 7:6 (2:3, 2:2, 2:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 02:50 – Алдамжаров (Назаров, Бауэр)

2:0 – 08:36 – Суворов (Утебаев) ГМ

2:1 – 19:14 – Шкиль (Ибраев) ГБ

2:2 – 19:23 – Абил (Кучер)

2:3 – 19:40 – Абил (Шкиль, Кучер)

2:4 – 25:23 – Абил (Гафаров, Ефремов) ГМ

2:5 – 38:34 – Гафаров (Абил, Кучер)

3:5 – 38:38 – Назаров (Кемайкин, Бауэр)

4:5 – 39:32 – Бауэр ГМ

5:5 – 44:40 – Пархоменко (Суворов, Утебаев)

5:6 – 47:18 – Абил (Гафаров)

6:6 – 58:58 – Волобуев (Жабаровский, Назаров)

7:6 – 65:00 – Суворов ПБ

Қақпашылар: Лигай (Фанайлов, 20:00 – 65:00) – Ваганян

«Мұнайшы» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізіп, лиганың кубоктық сегіздігіне енді. «Қыран» керісінше төртінші рет жеңіліс тауып, турнир кестесінің тоғызыншы қатарына жайғасты. Плей-оффтағы орын үшін күрес әбден қызды.

«Қыран» - «Мұнайшы» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)

0:1 – 08:22 – Своеволин (Гуняшев, Терещенко)

1:1 – 15:51 – Белоус (Чапоров)

1:2 – 49:39 – Терещенко (Обухов, Шкленник)

1:3 – 58:21 – Маткабыл (Карпов) ПВ

Қақпашылар: Куликов – Гущин

Ойын күнінің соңғы матчында «Барыс» түзде «Ястребы» командасының арынын басты. Кездесудің негізгі уақытында командалар тең түсті. Алайда овертаймның алғашқы минутында-ақ елордалық ұжым өз қоржынына екі ұпай салды.

«Ястребы» - «Барыс» 4:5 ОТ (1:1, 1:1, 2:2, 0:1)

0:1 – 11:35 – Нурлан (Ермак, Коган) ГБ

1:1 – 15:24 – Белашов (Ницевич, Залевский)

1:2 – 27:24 – Сапарбек (Муканов, Кабатаев)

2:2 – 39:56 – Залевский (Ницевич, Сафаргалиев) ГБ

3:2 – 40:46 – Рубцов (Белашов)

3:3 – 53:05 – Кабатаев (Маркабаев, Коган)

3:4 – 55:08 – Маркабаев (Кабатаев, Талдыкин)

4:4 – 58:03 – Капица (Залевский, Сафаргалиев)

4:5 – 60:50 – Ермак (Нурлан, Никитин)

Қақпашылар: Емельянов – Калмыков 


ВКонтактеИнстаграмТелеграм < Присоединяйтесь и следите за новостями Pro Ligasy на удобных для себя платформах.