Кармет тағы да Барыспен ойнайды, Торпедо Ястребы командасымен кездеседі

9 qyrkúıek
456

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан жастар кубогіндегі ойынын жалғастыратын командалардың төрттігі анықталды.

Топтардағы қатысушылар санының әртүрлі болуына байланысты турнир регламенті бойынша А тобының барлық командаларының есебіне соңғы орын алған қарсыласқа («Горняк») қарсы матчтар кірмеді. Сондықтан ұпайлар мен салынған шайбалардың қорытынды есебінде бұл кездесулер ескерілмеді.

Топ жеңімпаздары – «Кармет», «Ястребы» және «Торпедо». Үш ұжым да 6 балдан жинап, салынған және өткізілген шайбалардың үздік айырмасы бойынша бірінші орында қарағандылықтар (+20) тұр. Екінші және үшінші орында өскемендіктер (+17) мен оралдықтар (+8).

Жартылай финалға қорытынды жолдаманы төртінші орындағы «Барыс» алды. Елордалық команда (+13) жиған ұпай саны тең болғанына қарамастан, шайбалардың айырмасы бойынша «Ақтөбе» (+5) мен «Арланды» (-3) басып озды.

Осылайша, жартылай финалдық жұптарды «Кармет» пен «Барыс», сондай-ақ «Торпедо» мен «Ястребы» құрды. Кездесулер 12 қыркүйек күні Өскеменде өтті. Финалдық жекпе-жек 13 қыркүйекке жоспарланған.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.