Торпедо үшінші рет қатарынан ҚР жастар кубогінің финалында ойнайды

12 qyrkúıek
470

Қазақстан жастар кубогінің екінші жартылай финалдық жекпе-жегінде «Торпедо» мен «Ястребы» кездесті.

Өскемендіктер матчты екпіндетіп бастап, бұл Алексей Решетниковтың командасына нәтиже әкелді. 13-ші минутқа қарай Диас Рысбеков, Александр Фокин мен Тамерлан Закарьянов қарсыласты бір-бір реттен састырды. Екінші кезеңнің басында Никита Талерко бір шайбаның есесін қайтарып, ойынның көп бөлігінде «Торпедо» ойынды өз бақылауында ұстады. Соңғы кезеңде Сұлтанбек Рахимов есеп алшақтығын минимумға дейін азайтты, алайда финалдық соққыларға оралдықтар шаршап жетті. Фокин қонақтардың бос қақпасын алып, дубль жасады. Ал ысқырыққа бір секунд қалғанда матчтың түбегейлі есебін Глеб Бурнашов орнатты.

Турнир финалында «Торпедо» «Барыспен» ойнайды. Кездесу 13 қыркүйекте өтеді.

«Торпедо» - «Ястребы» 5:2 (3:0, 0:1, 2:1)

1:0 - 02:09 - Рысбеков (Есимов)

2:0 - 06:59 - Фокин (Мерзликин, Беляков) ГБ

3:0 - 12:16 - Закарьянов (Ботищев, Бурнашов)

3:1 - 26:49 - Талерко (Черников, Ратников) ГБ

3:2 - 44:38 - Рахимов (Семенюков)

4:2 - 58:53 - Фокин (Бурнашов)

5:2 - 59:59 - Бурнашов (Дубинкин)

Қақпашылар: Эрштейн - Шарипов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.