Арлан Құлагерден жеңісті жұлып әкетті, Алматы қатарынан үшінші матчта жеңді, Монахов пен Долгополов покер жасады

25 qyrkúıek
207

Шағын үзілістен кейін 1xBet Jastar Hokei Ligasy командалары тұрақты чемпионаттағы ойындарын жалғастыруда.

Теріскейлік көршілер «Арлан» мен «Құлагердің» алғашқы текетіресінде көкшетаулықтар басым түсті. Бұл ретте қонақтар бірінші кезеңнің барысында үш шайбамен алда келе жатты. Бұл ойында, әсіресе, үшінші кезең нәтижелі болып, көрермен 7 шайбаға куә болды. Олардың бесеуін алаң иелері ұйымдастырды. Георгий Монахов покер жасады, хет-трик Константин Петрухиннің есебінде. «Құлагер» құрамындағы үш шайбаның авторы –Александр Шипулин.

«Арлан» - «Құлагер» 8:6 (1:3, 2:1, 5:2)

0:1 - 03:18 - Шипулин (Анисимов)

0:2 - 06:01 - Горбань (Шипулин, Анисимов)

0:3 - 06:23 - Юдин (Фрукалов)

1:3 - 14:40 - Петрухин (Залевский, Любченко)

2:3 - 27:21 - Монахов (Пиниди) ГМ

2:4 - 34:43 - Шипулин (Седов)

3:4 - 38:16 - Петрухин (Кабдуали) ГБ

4:4 - 42:16 - Монахов (Аипов, Пиниди)

5:4 - 45:45 - Петрухин (Любченко, Залевский)

6:4 - 52:40 - Монахов (Пиниди) ГБ

6:5 - 53:34 - Шипулин (Горбань, Седов)

7:5 - 56:41 - Толуспаев (Пиниди, Монахов)

7:6 - 59:11 - Юдин (Серикбулатов, Фрукалов)

8:6 - 59:31 - Монахов ПВ

Қақпашылар: Лаюров - Елхимов

«Алматы» мен «Мұнайшының» кездесуі де нәтижелі болды. Алаң иелері бірінші кезеңде-ақ қорытынды жеңістен дәмелі екенін байқатты және матчты қиналмастан жеңіске жеткізді. Данил Долгополов қарсыласты төрт рет састырды, Радион Фатыхов (2+2) та нәтижелілік үшін өз есебіне төрт балл жаздырды.

«Алматы» - «Мұнайшы» 10:3 (4:0, 3:3, 3:0)

1:0 - 09:33 - Филимонов (Токтасынов)

2:0 - 10:08 - Долгополов (Кушнеренко, Паршин)

3:0 - 14:09 - Долгополов (Паршин, Суровцев)

4:0 - 19:31 - Снытин (Югай, Фатыхов)

5:0 - 28:23 - Фатыхов (Югай)

6:0 - 29:08 - Югай (Фатыхов)

7:0 - 31:43 - Долгополов (Кушнеренко, Паршин)

7:1 - 39:00 - Сарсембаев (Мелехов, Гебель)

7:2 - 39:18 - Бекбаев (Есеркепов)

7:3 - 39:49 - Попов (Каршыгаев) ГБ

8:3 - 48:09 - Долгополов (Айдуков, Неумывакин) ГБ

9:3 - 49:11 - Неумывакин (Кушнеренко) ГБ

10:3 - 49:52 - Фатыхов (Курносенко)

Қақпашылар: Павлов - Челайдюк (Пушков, 31:43-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.