Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасады.
Алматылықтар «Торпедомен» бірінші текетірестің сегізінші минутында есеп аша алды. Алайда әрі қарай көк киімді ойыншылар гол салды. Шайбалардың бірінің авторы Артур Глухих чемпионаттағы 20 (8+12) балдық межеге жетті. Өскемендіктер турнир кестесінде бірінші орында нық отыр.
«Торпедо» - «Алматы» 6:1 (1:1, 4:0, 1:0)
0:1 - 07:20 - Филоненко (Завьялов)
1:1 - 13:16 - Глухих (Хан, Мерзликин) ГБ
2:1 - 23:33 - Хан
3:1 - 31:06 - Есимов (Хан, Астраханцев)
4:1 - 32:10 - Мирошниченко (Киселёв)
5:1 - 39:13 - Дубинкин (Фокин, Астраханцев)
6:1 - 41:39 - Мерзликин (Глухих) ГМ
Қақпашылар: Грохотов - Яковенко (Павлов, 40:00-60:00)
«Карметтің» Шығыс Қазақстанға сапары сәтті басталды. Бүгін Данияр Ахметовтің ойыншылары «Мұнайшыны» сенімді түрде жеңді. 40 минут бойы павлодарлықтар ойын өрнегін жоғалтпады, алайда соңғы кезең қонақтардың пайдасына шешілді. Никита Рублёв дубль жасады, «сары-қаралардың» қақпашысы Алексей Зюзин қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді.
«Мұнайшы» - «Кармет» 1:6 (1:3, 0:0, 0:3)
0:1 - 04:22 - Степанов (Соколов)
1:1 - 07:29 - Нурлан (Абенов)
1:2 - 07:58 - Забурдяев (Рублёв, Степанов)
1:3 - 08:45 - Коротких (Калкабек)
1:4 - 44:16 - Умеренков (Перцев)
1:5 - 44:22 - Рублёв (Соколов)
1:6 - 56:28 - Рублёв (Степанов, Божко) ГБ
Қақпашылар: Челайдюк - Зюзин
«Ястребы» «Барыспен» екінші матчта атақты қарсыласына соққы боратты. Алайда шешуші сәттерде елордалық ұжым дәлірек көздеді. Кездесудің қаһарманы – артық құраммен көзге түсіп, айып соққысын жүзеге асырған және оралдықтардың бос қақпасын алған Амир Гафуров.
«Барыс» - «Ястребы» 4:2 (1:1, 2:1, 1:0)
1:0 - 10:42 - Гафуров (Тусупбеков) ГБ
1:1 - 16:44 - Семенюков (Рахимов, Родионов)
1:2 - 27:03 - Бородин (Семенюков, Крицин) ГБ
2:2 - 27:28 - Гафуров ШБ
3:2 - 30:25 - Рузбакиев (Амырканов)
4:2 - 59:25 - Гафуров ПВ
Қақпашылар: Кулаков – Шарипов
«Астана» «Горнякты» ойсырата жеңді. Қонақтар есеп 0:11 болған кезде құрғақ жеңілістен құтылды: қарсыластың бос қақпасын екі рет алды. Жеңімпаздар құрамынан өздерінің есебін сегіз адам толықтырды. Әлішер Аманғалиев, Никита Пашковский мен Никита Селезнёв дубль жасады. Рудныйлықтар осымен он матч бойы сәтсіздікке ұшырап келеді.
«Астана» - «Горняк» 11:2 (5:0, 6:0, 0:2)
1:0 - 11:50 - Бекеев (Селезнев, Амангалиев)
2:0 - 12:01 - Амангалиев (Бекеев, Селезнев)
3:0 - 14:07 - Пашковский (Шевченко) ГБ
4:0 - 16:59 - Кентаев (Самаров, Пашковский)
5:0 - 18:33 - Амангалиев (Чакенов)
6:0 - 23:12 - Секербай (Графкин)
7:0 - 24:32 - Селезнев (Бекеев, Амангалиев)
8:0 - 29:54 - Шевченко
9:0 - 32:31 - Селезнев (Амангалиев, Сатемиров)
10:0 - 35:03 - Пашковский (Сулейменов, Кентаев)
11:0 - 36:00 - Кыдырбай (Валиханов)
11:1 - 50:00 - Корниенко ПВ
11:2 - 57:12 - Долганов ПВ
Қақпашылар: Мельников - Кушкенов (Шапошник, 20:00-40:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.