Оңтүстік астанадағы буллиттер, Арлан Георгий Монаховтың хет-тригімен Мұнайшыны ойсырата жеңді

23 qazan
302

Қазақстан жастар чемпионатында екі кездесу өтті.

«Ақтөбемен» алғашқы үй матчының барысында «Алматы» екі рет екі шайба айырмашылығымен есе жіберді. Алайда алаң иелері есеп теңестіріп қана қоймай, буллиттер сериясында жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – негізгі уақытта екі рет пас берген Алдияр Нұрлан.

«Алматы» - «Ақтөбе» 4:3 Б (0:2, 1:1, 2:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 04:23 - Кошевник (Потапов, Черныш) ГМ

0:2 - 05:22 - Церульников (Жумажан)

1:2 - 20:32 - Выговский (Айдуков, Нурлан)

1:3 - 27:35 - Сычугов (Мозжерин, Зубарев)

2:3 - 42:22 - Ботищев (Нурлан, Югай)

3:3 - 57:12 - Долгополов (Кушнеренко)

4:3 - 65:00 – Нурлан ПБ

Қақпашылар: Яковенко - Дубович

«Арлан» «Мұнайшымен» матчта үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, оның барысында павлодарлықтардың қақпасына алты шайба аттандырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл көкшетаулықтардың қатарынан бесінші табысты матчы. Кездесудің басты қаһарманы – Георгий Монахов. Алаң иелерінің шабуылшысы пента-трик рәсімдеді. Осы ойынынан кейін «Арлан» Лиганың турнир кестесінде төртінші орынға шықты.

«Арлан» - «Мұнайшы» 10:1 (2:0, 2:1, 6:0)

1:0 - 11:42 - Монахов (Базько)

2:0 - 14:33 - Монахов (Аипов, Щукин)

2:1 - 23:49 - Каршыгаев (Абенов, Шишикин)

3:1 - 27:58 - Аскатулы (Щукин, Аипов)

4:1 - 38:15 - Чепышкин (Коренник)

5:1 - 40:47 - Монахов (Залевский)

6:1 - 46:47 - Монахов (Аипов, Базько)

7:1 - 47:56 - Байков (Кабдуали, Любченко)

8:1 - 53:27 - Гизатулин (Чепышкин)

9:1 - 56:25 - Перминов

10:1 - 59:34 - Монахов (Залевский, Аипов)

Қақпашылар: Аминов - Плотников (Пушков, 47:56-60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.