Георгий Монахов – Қазақстан жастар чемпионатының апта ойыншысы

28 qazan
98

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның алтыншы ойын аптасын қорытындылайық.

«Арлан» жаңа маусымда кемінде плей-оффқа жолдама үшін тартысуға дайын. Көкшетаулықтар чемпионат басында сегіз матчтың жетеуінде жеңіске жетіп, бүгінгі таңда команданың қозғаушы күші – Георгий Монахов. Өткен аптада ол өзінің ұпай қоржынын толтырып, +12 пайдалылық көрсеткішімен екі кездесуде 12 (8+4) балл жинады. «Мұнайшымен» бірінші ойында ол пента-трик жасады. Екінші жекпе-жекте хет-трик жасап, төрт нәтижелі пас берді. Бүгінгі таңда Монахов чемпионат бомбардирлерінің тартысында үшінші орынды иеленіп отыр.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.