Горняк Ақтөбенің қақпасын ала алмады, Кошевник хет-трик жасады, Кармет Мұнайшыны тағы да жеңді

19 qarasha
446

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты екі матчпен жалғасты.

Ойын күнінің алғашқы кездесуінде «Ақтөбе» түзде «Горнякты» тырп еткізбеді. Рудныйлықтардың қақпасына жауапсыз жеті шайба аттанды. Кездесудің қаһарманы – хет-трик жасаған Артём Кошевник. Қонақтардың форварды кем құраммен де, артық құраммен де, тең құраммен де көзге түсті. Қарсыласты екі реттен Андрей Церульников пен Артём Леоненко састырды. Құрғақ матчты өз есебіне Максим Дубович жазды.

«Горняк» - «Ақтөбе» 0:7 (0:2, 0:2, 0:3)

0:1 - 09:46 - Кошевник (Потапов) ГМ

0:2 - 18:29 - Кошевник (Цихоцкий, Шпак) ГБ

0:3 - 25:30 - Кошевник (Чекалин, Касымов)

0:4 - 33:04 - Церульников (Кошевник, Потапов)

0:5 - 40:08 - Церульников (Потапов)

0:6 - 50:45 - Леоненко (Катасонов)

0:7 - 54:25 - Леоненко (Чекалин)

Қақпашылар: Шапошник - Дубович

«Кармет» «Мұнайшыны» үйдегі екінші матчта да жеңді. Әсіресе, алаң иелері үшін екінші кезең нәтижелі болып, павлодарлықтардың қақпасына сегіз шайба аттанды. Артур Хусаинов, Матвей Умеренков пен Илья Перцев екі шайбадан салды. Вадим Азизи қақпаға бағытталған 17 соққыға тойтарыс берді.

«Кармет» - «Мұнайшы» 11:1 (1:0, 8:1, 2:0)

1:0 - 11:57 - Давлетшин

2:0 - 24:41 - Хусаинов ГМ

3:0 - 30:51 - Умеренков

3:1 - 31:19 - Анциферов (Есеркепов)

4:1 - 34:32 - Перцев (Лигай)

5:1 - 35:21 - Хусаинов (Степанов)

6:1 - 37:07 - Нурканов (Омельницкий, Гордин)

7:1 - 38:19 - Коротких

8:1 - 39:00 - Перцев (Умеренков)

9:1 - 39:49 - Умеренков (Хусаинов, Перцев)

10:1 - 47:45 - Забурдяев (Алтухов, Қалқабек)

11:1 - 53:40 - Рублёв (Лигай, Коротких)

Қақпашылар: Азизи - Плотников (Пушков, 37:07-40:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.