Көшбасшылар осалдық танытты, Барыс алға кетті. 15 ақпандағы матчтарға шолу

15 aqpan
1060

«Арлан» тағы да «Барыс-Жасқа» есе жіберді. «Құлагер» «Торпедоны» жеңді. «Барыс» «Горняктың» қақпасына жауапсыз 11 шайба аттандырды. «Қыран» «Ястребы» командасымен матчта құрғақ жеңіске жетті.

«Барыс-Жас» Көкшетауда екінші рет жеңіске жетті. Александр Березенскийдің командасы лиганың турнир кестесінде төртінші орынға бекіді.

«Арлан» - «Барыс-Жас» 2:3 (0:2, 2:1, 0:0)

0:1 – 02:10 – Фокин (Авдеенко)

0:2 – 19:38 – Селезнев (Бейсембиев)

0:3 – 22:24 – Фокин (Тюлюнов)

1:3 – 25:49 – Яковенко (Ефремов, Игушкин)

2:3 – 34:26 – Бочкарев (Дурницын, Богапов) ГБ

Қақпашылар: Чепец – Габдуллин

«Құлагер» «Торпедоны» жеңіп, көпшілікті таңғалдырды. Осылайша, өскемендіктердің жеті матчқа созылған жеңістер сериясын тоқтатты. Үшінші кезеңнің аяқталуына сәл қалғанда Даниил Миллер гол салып, жеңіске жеткізді.

«Құлагер» - «Торпедо» 5:4 (2:2, 1:0, 2:2)

0:1 – 05:23 – Перов (Тютюньков Д.)

0:2 – 07:44 – Астраханцев (Джунусов, Якубджанов)

1:2 – 13:38 – Фролов (Букарь) ГБ

2:2 – 18:58 – Махамадеев (Койпиш, Куминов)

3:2 – 26:56 – Емельянов (Фролов)

3:3 – 41:29 – Перов (Бондаренко, Тютюньков Д.)

4:3 – 49:06 – Свириденко (Койпиш, Миллер)

4:4 – 51:38 – Пивень (Стальмаков, Комиссаров)

5:4 – 57:39 – Миллер (Койпиш)

Қақпашылар: Токпан – Мейдер

«Барыс» өз алаңында тағы да «Горнякты» ойсырата жеңді. Елордалық ұжым қарсыласқа жауапсыз 11 шайба салды. Қарсыластың осалдығының арқасында Олег Шулаевтың командасы тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша бірінші орын үшін күресте оқ бойы озып шықты.

«Барыс» - «Горняк» 11:0 (4:0, 4:0, 3:0)

1:0 – 00:34 – Логвин (Уразгалиев)

2:0 – 14:54 – Оспанов

3:0 – 15:52 – Нурлан (Кабатаев) ГМ

4:0 – 17:16 – Ермак (Никитин) ГМ

5:0 – 23:10 – Камибаев (Уразгалиев)

6:0 – 34:10 – Нурлан (Сапарбек, Кабатаев)

7:0 – 35:47 – Камибаев (Бастаногов)

8:0 – 39:56 – Цыбин (Оспанов, Логвин) ГБ

9:0 – 41:19 – Ермак (Нурлан, Никитин)

10:0 – 42:04 – Нурлан (Кабатаев, Сапарбек)

11:0 – 55:56 – Камибаев (Никитин, Тусупбеков)

Қақпашылар: Дубинскас (Колесников, 51:17-60:00) – Фанайлов (Лигай, 23:10-60:00)

«Қыран» «Ястребы» командасынан қарымта қайтарды, оның үстіне қарағандылықтар құрғақ жеңіске қол жеткізді. Оралдық ұжым биылғы маусымда екінші рет алаңнан шайба салмастан қайтты.

«Қыран» - «Ястребы» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 30:18 – Чапоров

2:0 – 59:35 – Белоус (Жабунин, Чапоров) ПВ

Қақпашылар: Ибрагимов – Емельянов