Алғашқы жеңістер. 10 қарашадағы матчтарға шолу

10 qarasha
1275

"Торпедо" маусымдағы алғашқы матчында жеңіске жетті. «Мұнайшы» чемпионат дебютантының екпінін басты. «Горняк» түзде «Арланмен» ойнады.

"Торпедо" маусымдағы алғашқы матчының бірінші матчында керемет өнер көрсетті. «Қыранның» жеңілістен құтылуға мүмкіндігі болды, алайда дәл бұл кеште өскемендік хоккейшілер дөп түсті.

"Торпедо" – "Қыран" 4:2 (3:0, 0:2, 1:0)

1:0 – 04:52 – Алдабергенов (Тютюньков Я.) ГБ

2:0 – 06:24 – Тютюньков Д. (Панечнко, Пивень)

3:0 – 15:03 – Тютюньков Я. (Алдабергенов)

3:1 – 37:54 – Белоус ГМ

3:2 – 39:52 – Жабунин (Трибунский)

4:2 – 49:49 – Тютюньков Д. (Храмов)

Қақпашылар: Осокин – Коваль Аль.

Дебютті матчында жеңіске елордалық «Барыс-Жас» та бір табан жақын болды. Алайда «Мұнайшы» ойыншылары өз алаңындағы үшінші матчта қатарынан жеңілгісі келмей, итжығыс кездесудің соңғы минуттарында күш салды. Павлодарлықтардың төрт шайбаның екеуін аз құраммен салуы мақтауға тұрарлық.

"Мұнайшы" – "Барыс-Жас" 4:3 (1:2, 1:1, 2:0)

0:1 – 08:11 – Тюлюнов (Бейсембиев, Селезнев)

1:1 – 16:05 – Шкленник (Такишев)

1:2 – 19:54 – Фокин (Тюлюнов, Бейсембиев)

1:3 – 29:48 – Бекеев А. (Бекеев Ж.)

2:3 – 38:32 – Терещенко ГМ

3:3 – 48:10 – Демирделен (Суслов, Карпов)

4:3 – 58:43 – Терещенко (Васильев) ГМ

Қақпашылар: Недодаев – Шефер

«Горнякқа» «Арланмен» ойында құрамдардың тең болмауы сәтті ойын көрсетуге септігін тигізді. Рудныйлықтар аз құраммен шыққан ойын барысында қарсыласты екі рет тізе бүктірді. Сондай-ақ «Горняктың» голкипері Артём Скрынниковтің пас беруін ерекше атап өтуге болады.

"Арлан" – "Горняк" 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)

0:1 – 14:46 – Бауэр (Скрынников) ГМ

0:2 – 15:46 – Утебаев (Рожков) ГМ

1:2 – 27:11 – Гильфанов (Гафаров, Омельян)

1:3 – 49:32 – Пархоменко (Рожков, Суворов) ГБ

Қақпашылар: Чепец – Скрынников