Данил Долгополов – Қазақстан жастар чемпионатының апта ойыншысы

13 qańtar
316

1xBet Jastar Hokei Ligasy-ның кезекті ойын аптасын қорытындылайық.

«Алматы» қаңтардың бірінші кезеңін екпінді өткізді: үйде төрт рет ірі жеңіске жетті. Оңтүстік астаналық команданың өткен аптадағы қозғаушы күші – асқан нәтижелілік көрсеткен Данил Долгополов. Ол қатарынан үш хет-трик жасап, +15 пайдалылық көрсеткішімен жалпы 17 (10+7) ұпай жинады. Оның екі дөп соққысы командаға жеңіс әкелді, жүзеге асыру пайызы да тамаша - 43,48.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.