Данил Долгополов: «Әрі қарай нәтижелі ойын көрсетіп, команданы плей-оффқа шығару керек»

15 qańtar
334

«Алматы» шабуылшысы Данил Долгополов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Jastar Ligasy-ның апта ойыншысы атанғанына қатысты пікір білдірді.

«Алматы» шабуылшысы Данил Долгополов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Jastar Ligasy-ның апта ойыншысы атанғанына қатысты пікір білдірді.

- Данил, сен апта ойыншысы атандың, әсеріңмен бөліссең.

- Бұл ойындарды жаман өткізбедім және апта ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Бұл жаңалық маған алдағы матчтарда одан да жақсы көрінуге қанаттандырады.

- «Горняк» пен «Құлагерге» қарсы матчтардағы жеке және командалық жетістік туралы айтып берсең.

- Барлығы қарапайым – біз сенімді түрде жеңіске жетіп, сегіз ұпайдың сегізін алып кете алдық.

- Биылғы маусымның алдағы матчтарында алдыңа қандай мақсаттар қоясың?

- Әрі қарай нәтижелі ойын көрсетіп, команданы плей-оффқа шығару керек. Әрі қарай ұмтылып, рақаттана ойнау керек.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.