Торпедо мен Мұнайшы жеңіске жетті. 22 ақпандағы матчтарға шолу

22 aqpan
1165

«Торпедо» «Астананың» арынын басты. «Мұнайшы» түзде «Барыс-Жасты» жеңіп кетті.

Өскемендіктер «Астананы» жеңу үшін біршама тер төкті. Бұл жекпе-жекте екінші кезең шешуші болып, «елордалықтардың» қақпасына екі шайба аттанды. Иван Подшивалов хет-трик жасады.

«Торпедо» - «Астана» 3:1 (0:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 24:49 – Подшивалов (Бондаренко, Алдабергенов)

2:0 – 35:52 – Подшивалов (Астафьев, Алдабергенов) ГБ

3:0 – 46:39 – Подшивалов (Алдабергенов) ГБ

3:1 – 59:09 – Карпасов

Қақпашылар: Ершов – Риттингер

«Барыс-Жас» «Мұнайшыға» төтеп бере алмады. Павлодарлық ұжым осы жеңісінің арқасында жетінші қатарға шығып, енді плей-оффқа шығуға мүмкіндік алды.

«Барыс-Жас» - «Мұнайшы» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)

0:1 – 04:17 – Атаханов (Асуханов, Терещенко)

0:2 – 11:25 – Асуханов (Атаханов)

0:3 – 24:04 – Терещенко (Своеволин, Демирделен)

1:3 – 32:58 – Бекеев Ж. (Жакан, Бахитжанов) ГБ

1:4 – 47:37 – Гулый (Асуханов, Гуняшев)

2:4 – 53:28 – Бахитжанов (Бекеев Ж., Бекеев А.) ГБ

2:5 – 57:51 – Обухов (Своеволин)

Қақпашылар: Московченко – Костюков