Барыстың сүбелі жеңісі, Қыран тағы да Арланнан басым түсті. 25 ақпандағы матчтарға шолу

25 aqpan
912

«Барыс» «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Қыран» өз алаңындағы «Арланмен» жекпе-жекте алты ұпай жинады.

Тұрақты чемпионаттың көшбасшысы «Мұнайшыны» алқымнан алды. «Барыс» қарсыластың қақпасына жауапсыз тоғыз шайба аттандырды. Хет-трик Алдияр Нұрланның қоржынында. 21 соққыға тойтарыс берген қақпашы Роман Калмыков өз есебіне құрғақ матчты жазды.

«Барыс» - «Мұнайшы» 9:0 (4:0, 1:0, 4:0)

1:0 – 02:49 – Никитин (Талдыкин)

2:0 – 10:32 – Камибаев (Роев, Тусупбеков)

3:0 – 10:59 – Ермак (Нурлан, Маркабаев)

4:0 – 15:33 – Коган (Цыбин) ГБ

5:0 – 30:33 – Нурлан (Ермак, Бастаногов)

6:0 – 47:22 – Кабатаев (Никитин)

7:0 – 48:54 – Нурлан (Ермак, Бастаногов)

8:0 – 54:58 – Нурлан (Уразгалиев, Маркабаев)

9:0 – 59:20 – Уразгалиев (Кабатаев, Сапарбек Д.)

Қақпашылар: Калмыков – Костюков (Гущин, 12:07 – 60:00)

«Қыран» мен «Арланның» арасындағы екінші матч та қарағандылықтардың есебіне жазылды. Бұл ретте қонақтар үшінші кезеңнің ортасына дейін есеп бойынша алда келе жатты. Алайда әрі қарай алаң иелері соңғы кезеңде екпінін күшейтіп, кездесуді жеңіспен аяқтады. Андрей Медведков дубль жасады.

«Қыран» - «Арлан» 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)

0:1 – 09:30 – Игушкин (Яковенко)

1:1 – 50:58 – Пономарёв (Жабунин, Чапоров) ГБ +2

2:1 – 51:44 – Медведков (Чапоров, Жабунин) ГБ

3:1 – 58:18 – Медведков (Жабунин) ГМ

Қақпашылар: Ибрагимов – Ваганян (Чепец, 51:44-60:00)